«АРҚА ӘН ДӘСТҮРІНІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ АҚПАРАТЫ
28.06.2019
1628
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Арқа ән дәстүрінің орындаушылық ерекшеліктері»
шеберлік сабағының ақпараты
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 2019 жылдың 28 маусым күні сағат 15:00 де Қостанай облысы мәдени - демалыс мекемелерінің әншілеріне арналған «Арқа ән дәстүрінің орындаушылық ерекшеліктері» атты шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағын халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының иегері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әншісі Молдағалиев Талғат Назарханұлы өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға теория және практика жүзінде бірнеше шығармалар талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға үзіліс уақытында кофе-брейк ұйымдастырылды.
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК директоры Д.Е.Қалқаев қатысушыларға сертификат және шеберлік сабағын өткізуге қолдау көрсеткені үшін Рудный қаласының музыкалық колледжінің директоры Закиров Радик Радикович және Молдағалиев Талғат Назарханұлына алғыс хат табыстады.