«Музыкалық материалды таңдаудағы ерекшеліктері, «Виват» студиясының қатысуымен көрсетілетін шығармашылық ұжымға арналған жұмыстар» шеберлік сабағы отті
24.06.2019
1759
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 2019 жылдың 24 маусым күні Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясында Қостанай облысы мәдени - демалыс мекемелерінің әншілеріне арналған «Музыкалық материалды таңдаудағы ерекшеліктері, «Виват» студиясының қатысуымен көрсетілетін шығармашылық ұжымға арналған жұмыстар» атты шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағын халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының иегері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әншісі Санарова Галина Алексеевна өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға «Виват» студиясы әншілерінің көмегімен теория және практика жүзінде бірнеше шығармалар талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға үзіліс уақытында кофе-брейк ұйымдастырылды.
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК директоры Д.Е.Қалқаев қатысушыларға сертификат және шеберлік сабағын өткізуге қолдау көрсеткені үшін мектеп директоры Нұрманова Ботагөз Жанабылқызына және Санарова Галина Алексеевнаға алғыс хат табыстады.