2019 жылғы 11 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаз халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК жанынан көркемдік кеңес құрылды
11.06.2019
1694
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
2019 жылғы 11 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаз халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК жанынан көркемдік кеңес құрылды
Көркемдік кеңестің мақсаты: ауқымды мәдени іс шараларды өткізу барысында озық идеялармен бөлісу, мәдени іс шаралардың мазмұнын арттыру, мәдени мұраның сақталуын, ұлттық мәдениет пен тілдің қорғалуын қамтамасыз ету, ұлттық сананы рухани жаңғырту және жаңарту ұлттық идеясы болып табылады.
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаз халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК директоры Қалқаев Дамир Елтайұлының бастамасымен құрылған көркемдік кеңеске І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері Мауданов Абылай Фазылханұлы, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музей директоры, ақын, композитор Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы, І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының режиссері Құбаш Дос Айжарықұлы, Халықаралық «Қазақстан Заман» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, Халықаралық, республикалық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты Қыдырбек Қиысхан, "Облыстық көркемөнерпаз халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК көркемдік жетекшісі, ақын Өтелбаева Салтанат Амантайқызы, «Біздің Қостанай» қалалық газетінің редакторы Мырзабай Сералы Раманұлы қатысты. Бүгінгі көркемдік кеңесте 7 шілдеде Қостанай қаласында өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған мереке думанының өткізілу барысы талқыланды.