Ұзынкөл ауданында Фариза Оңғарсынованың 80- жылдығына арналған «Жас тұлпар» оқушы ақындар айтысының аясында өткен «Қайым айтыс. Айтыс түрлері»тақырыбындағы шеберлік сабағы
25.04.2019
2172
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Ұзынкөл ауданында Фариза Оңғарсынованың 80- жылдығына арналған «Жас тұлпар» оқушы ақындар айтысының аясында өткен «Қайым айтыс. Айтыс түрлері»тақырыбындағы шеберлік сабағы
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 2019 жылғы сәуір айының 25 күні Ұзынкөл аудандық мәдениет үйінде «Рухани қазына» бағдарламасы аясында Фариза Оңғарсынованың 80- жылдығына арналған «Жас тұлпар» оқушы ақындар айтысының аясында «Қайым айтыс. Айтыс түрлері» тақырыбында шеберлік сабағы болып өтті.
Тәжірибелік сабағын айтыскер ақын, Республикалық ақындар айтысының жүлдегері Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов жүргізді.
Шеберлік сабағының мақсаты – жас ақындарға бағыт бағдар беріп, айтыстың түрлерін ажыратып, ережесімен таныстыру, ұйқастардың формуласын, буындарын анықтау.
Сонымен қатар, қатысушыларға дайындалған айтыстан үзінді бейнежазба көрсетілді. Шеберлік сабағы барысында ақын Марғұлан Оспанов пен Салтанат Өтелбаева қайым айтысының үлгісін көрсетті.
Шеберлік сабағының соңы сергіту сәті «Қайым айтыс» ойынымен аяқталды.