«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК –ның «Корей халық биінің әдістемесі» тақырыбында өткен би өнерінің шеберлік сабағының ақпараты
04.03.2019
1797
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
28 ақпан 2019 жылы сағат 14.00-де «Мирас» мәдениет сарайында «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК семинарлар, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік мәдени қызметтің инновациялық түрлерін белсенді насихаттау мақсатында "Корей халық биінің әдістемесі" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Іс шараны "Енари" би ансамблінің жетекшісі, меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Ли Юрий Алексеевич жүргізді.
Шеберлік сабағының мақсаты, би ұжымдары жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Семинарға аудандық мәдениет үйлерінің би үйірмелерінің жетекшілері қатысты.
Шеберлік сыныбын өткізу барысында айтылған ұсыныстар: бидің сценарийлік-композициялық жоспары; бидің негізгі мәнерлі құралдары; бидің орындаушылық мәдениеті; би суретін дамытудың негізгі принциптері; музыкалық материалды таңдау. Сабақтың практикалық бөлімінде: жаттығу (корпус, аяқ, бас, қол қою, қимылдарды үйлестіру), музыкалық есту қабілетін дамыту ережелері талқыланды. Шеберлік сағаты теория мен тәжірибе тұрғысынан көп мәліметтер берді.
Қатысқан адамдар саны - 20.