ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТЕРМЕ ӨНЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗГЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ АҚПАРАТЫ
22.02.2019
1710
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТЕРМЕ ӨНЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗГЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ АҚПАРАТЫ
2019 жылдың 21 ақпан күні Қостанай қаласы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында аудан өнерпаздарына арналған халық әндері және терме бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Қатысқан аудандар: Федоров, Қарабалық, Ұзынкөл, Таран.
Іс-шараның мақсаты: шеберлік деңгейін арттыру және терме, халықтық ән айту көркемөнерпаздар орындаушыларымен жұмысты ұйымдастыру.
Шеберлік сабағын «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылық орталығы және кинобейнеқоры» КМҚК халық әндері жанрының маманы, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әншісі Қадыров Манапбек Сапарбайұлы жүргізді.
Бірінші бөлім тыныс алу, дикция, штрихтер және семинарға қатысушылардың өздері өткізген халық вокалдық өнерінің басқа да ерекшеліктеріне арналды.
Екінші бөлімде Манапбек Қадыров орындаушылармен практикалық жұмыс жасап, «Молдабайдың әні», «Ұлыларды ұлықтау», «Шіркін-ай» халық әндерін орындауға тапсырма берді.Бұл іс – шараның мақсаты мен міндеттері толығымен орындалды.