ҚР Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, өңірімізде айтыс өнерін дамыту, ұлттық жанрдың сапалық ерекшелігін көтеру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК 2019 жылғы 25 қаңтарда Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Қостанай облысының айтыскер ақындары үшін айтыс өнері бойынша «Торғай ақындық мектебі» тақырыбында тәжірибелік сабақтарын өткізді.
Тәжірибелік сабақтарын белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, педагогика және филология факультетінің деканы, Айтыстың ақтаңгері, ҚР мәдениет саласының үздігі Айбек Киікбайұлы Қалиев жүргізді. Шеберлік сабағында қазақ айтысының суырыпсалмалық (импровизациялық) өнердің ерекше дамыған биік шыңы екендігі, оның ұлттық сипаттары, айтыстың құндылығы жөнінде сөз болды. Тәжірибелік сабағына келген ақындар айтыс өнерінің облысымызда дамыту жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Шеберлік дәрісіне Алтынсарин, Амангелді, Қостанай, Меңдіқара, Әулиекөл, Таран, Жітіқара, Жанкелдин аудандары мен Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қаласынан 17 ақын қатысты. Жиын соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Ұлттық жанр – айтыс өнерін дамыту жөнінде тәжірибелік сабақтары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.