Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұлттық шығармашылық және жанр бойынша әдіскері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мұрат Хамитов облысымыздағы бірнеше өңірлерді аралап,25-27 қаңтар аралығында Жангелдин, Амангелді аудандарын, Арқалық қаласында болып, өсіп келе жатқан өнерлі өрендермен кездесу кештерін өткізді. Қазақтың қара домбырасының құдіреті мен киесін жеткізіп, қос ішекті аспапта ойнаудың шеберлігімен де таныстырды
Бұл балалар біздің болашағымыз. Күні ертең өтетін Домбыра күнінде олар да қолдарына домбыра алып, қатарға қосылып, күмбірлете күй ойнамақ.