Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы шеңберінде домбырашыларға арналған аймақтық шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатын домбырашы, орталық әдіскері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 1-ші домбырашысы Мұрат Хамитов өткізді.
Шеберлік сағатына Лисаков қаласының домбырашыларымен қатар Рудный қаласы, Б.Майлин, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының домбырашылары қатысты.
Шара барысында қатысушылар домбырада ойнаудың қыр-сырын үйреніп, білгендерін толықтырды.
Қатысқан барлық домбырашыларға сертификаттар табысталды.



