Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы жыл сайын облыс орталығында ғана емес, өңірдің аудан, қалаларында болып, әдістемелік-практикалық қолдау көрсету мақсатында жопарлы түрде шеберлік сағаттарын, семинарлар өткізіп тұрады. Соның бірі бүгін Лисаков қалалық мәдениет және спорт орталығында өтіп жатыр.
Бұл Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы шеңберінде домбырашыларға арналған аймақтық шеберлік сағаты.
Шеберлік сағатын домбырашы, орталық әдіскері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 1 домбырашысы Мұрат Хамитов өткізуде.
Шеберлік сағатына Лисаков қаласының домбырашыларымен қатар Рудный қаласы, Б.Майлин, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының домбырашылары қатысуда.
Шара барысында қатысушылар домбырады ойнаудың қыр-сырын үйреніп, білгендірен толықтыруда.


