Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік Университетінде өнер кафедрасы студенттерінің қатысуымен күйші, композитор Марат Жанғазиев пен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің домбыра тобының концертмейстері Әлімжан Абсадықов «Әлшекей әлемі» атты шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында қос күйші бар білгендерімен бөлісіп, жастарға домбыра тартудың қыр-сырын үйретіп, ақпарат берді.
Жалпы мұндай шеберлік сағаттарды Облыстық халық шығармашылығы орталығы белгілі азаматтармен, өз ісінің майталмандарын шақырта отырып, үнемі бірлесіп өткізіп тұрады. Берері мол, тәлімі көп игі бастама. Осы бастама келер жылдарда да жалғасын таба бермек.