Қазақстандағы жетіген профессионалды мектебінің негізін қалаушы, өнер зерттеушісі, мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға ұстазы Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы Қостанайда екі күн бойы Жастар сарайында «Жетіген аспабының тариxы және әдістемесі» атты шеберлік сағатын өткізді.
Облысымыздың әр өңірінен өнерпаздар келіп, көп дүниені үйреніп, білімдерін толықтырды. Екі күндік шеберлік сыныбы аяқталған соң әр қатысушы арнайы сертификаттың иегері атанды.
Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев Нұргүл Бижанқызына уақытын бөліп, білгенімен бөлісіп, аспапты меңгеру шеберлігімен бөліскені үшін ризашылығын білдіре отырып орталықтың және облыстық білім басқармасының атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Барша қатысушылар құнды мәліметтер алып, көпті үйренуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға риза болып жатты.