Бүгін Қостанай қаласындағы "Мирас" мәдениет үйінде тағылымды іс-шара өтті.
Атап айтқанда, дәл қазір ҚР Мәдениет саласының үздігі, Шара Жиенқұлова атындағы республикалық би байқауының лауреаты, Ольга Голушкевич атындағы балетмейстер сыйлығының иегері, "Алтынай" мемлекеттік халық би ансамблінің би қоюшысы, балет әртісі, "Би әлем" Жетісу хореография орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегзат Ағиярдың қатысуымен "Қазақ биі" шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Елге танымал өнерпаздың жиынына облыстың әр өңірінен жас бишілер мен үйірме жетекшілері қатысты. Құрметті қонақ тыңдаушыларына бай тәжірибесін паш етті. Сахна төрінде би өнерінің қыр-сырын көрсетіп, құнды кеңестерін айтты. Қостанайлық талапкерлердің талпынысын бағалап, бағыт-бағдар берді.
Бұл шеберлік сағатының би әлеміне қадам басқан жастарға үлкен сабақ болғаны сөзсіз.
Шеберлік сағатының соңында іс-шараға қатысушылар сертификатқа ие болды. Ал қадірлі мейманға Қостанай облысының Мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Қалмақовтың атынан Алғыс хат табыс етілді.