altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
«Сахналық жекпе-жек»: кіл жүйрікте кім жүйрік?
17.03.2022
1303
0
Қостанай облысында бұрын-соңды болмаған, жосығы бөлек жобаның тұсауы кесілді. Өңір өнерпаздарын өзара сайыстыруға негізделген "Сахналық жекпе-жек" атты байқаудың ережесі ерекше. Екі күнге ұласқан бұл сын Тобыл қаласындағы "Алтын дән" мәдениет үйінде өтті. 
 
Байқау шарты бойынша, әншілер өздерінің қабілет-қарымын жан-жақты байқатуы тиіс. Яғни сазды шығарманы кез келген тұрпатта, әрқилы сүйемелмен мінсіз орындап беруі керек. Берілген сынақты оңай еңсеріп, оң жамбасына келтіре алған қатысушы жеңімпаз атанады. 
 
Сонымен, бұл додаға өңірімізге танылып, көрермен көзайымына айналып жүрген сегіз жас әнші қатысты. Атап айтқанда, олар – Нұриден Қабыкен, Жалғас Бекзат (Қостанай ауданы), Достияр Қайдаров (Меңдіқара ауданы), Тасқын Әжібай (Федоров ауданы),Бейбарыс Тойшан (Қамысты ауданы), Серік Алпысов (Алтынсарин ауданы), Асхат Шыңғысов (Әулиекөл ауданы) және Қанат Ражанов (Қостанай қаласы). 
 
Байқаудың тағы бір ерекшелігі, үміткерлерге Тобыл-Торғай композиторларының әндерін орындау міндеттелді. Алғашқы айналым екі бөлімнен тұрды: әуелі әншілер өздерінің репертуарындағы әнді айтып беруі керек. Содан кейін олар бір-бірінің әндерін басқаша бағытта орындап шығуы тиіс. Ал байқаудың екінші айналымда әр қатысушы қасына оннан аспайтын адам ертіп шығып, Наурыз тойы туралы көрініс қоюы қажет. Ең басты мақсат, әрине, қазылар алқасының да, көрермен қауымның да көңілін баурау. 
 
Қазылар демекші, қатысушылардың өнерін танымал театр актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қонысбе Бегайдаров, елордадан жобаға арнайы шақыртылған мейман, сазгер, әнші, «ММ» өнер орталығының шығармашылық жөніндегі директоры Азамат Әбдірахиев, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әншісі, облыстық Композиторлар одағының төрағасы Азамат Мұқатов бағалады. 
 
Өнер тартысына тыңғылықты дайындалып келген әншілер көрерменге шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, сахнаны думанға бөледі. Дегенмен, қара қылды қақ жарған төрешілер үміткерлер ішінен үздіктерін іріктеп алды. 
 
Осылайша, байқаудың алғашқы күнінің нәтижесінде 4 әншіге шешуші үшінші кезеңге жолдама берілді. Олар –Тасқын Әжібай, Жалғас Бекзат, Бейбарыс Тойшан және Қанат Ражанов. 
 
Келесі күні ақырғы айналым басталмас бұрын сағат 14:00-де елордалық сазгер Азамат Әбдірахиев байқауға қатысушы өнерпаздарға "Сахна алдында дайындық" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Жас та болса тәжірибесі толыққан, біліктілігі молыққан кәсіби композитор, шебер әнші Азамат Есенғазыұлы ақыл-кеңесін ортаға салды. 
 
Араға 2 сағат салып, айрықша байқаудың соңғы айналымы басталды. Жеңістен дәмелі финалистер көш басынан көріну үшін жан сала өнер көрсетті. Тапсырма – өз таңдаулары бойынша, дауыс көрсететін кең тынысты әндер орындау. "Шапқан сайын жаны кірген" жүйріктер сынды, алға озған сайын ширыға түскен өнерпаздар тартысты бәсекенің нағыз үлгісін танытты. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен, 4 қатысушы да жүлдесіз қалған жоқ.
 
3-орынды Қостанай ауданының намысын қорғаған Бекзат Жалғас пен қамыстылық Бейбарыс Тойшан бөлісті. 2-орын – қостанайлық дарын Қанат Ражановтың еншісінде. Ал 1-орынға Федоров ауданынан келген Тасқын Әжібай ие болды. Жүлдегерлер ақшалай сыйлық сертификатымен және дипломмен марапатталды.
 
Байқауға сахнасын ұсынып, жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен "Алтын дән" мәдениет үйінің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз!

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Еңбек үшін алғыс!
10.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
07.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🎉 7 маусым күні сағат 18:00-де КЖБИ жағалауындағы сахнада жарқын ретро-дискотека "Disko Party" концерттік бағдарламасы өтті! 💃🕺
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🌟 "Алтын дән" балалар шығармашылығы фестивалі 🌟
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 14:00-де Қала орталығында «Күмбірле, күй – домбыра» атты концерттік бағдарлама аясында балалар домбырашылар ансамбльдерінің қатысуымен Домбыра күнінің жарқын да салтанатты ашылуы өтті
05.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
05.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін 5 маусым күні сағат 11:00-де "Мирас" қалалық мәдениет сарайында мекеме қызметкерлері үшін заңгер Мырзабаев Нұралы Рамазанұлымен кездесу өтті. Жиынның тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды.
05.06.2025
Әулиекөл дом культуры
Ұлттық домбыра күніне орай, Әулиекөл ауданында домбырашылардан құралған «Домбыра күні – ұлттың үні» атты мерекелік бағдарлама өтті.
04.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 4 маусым күні сағат 18:00-де желілік орталықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Біздің рәміздер-біздің мақтанышымыз!" атты концерттік бағдарлама өтті
04.06.2025
Әулиекөл дом культуры
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әулиекөл ауданында салтанатты ту көтеру рәсімі өтті.
04.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
01.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 1 маусым күні Денисовка ауылында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балалар әлемі» мерекелік бағдарламасы және шағын орталықтар мен балабақшалар тәрбиеленушілері арасында аудандық таланттар байқауы өтті
31.05.2025
Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
31.05.2025
Әулиекөл дом культуры
31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында тағзым ету шарасы өтті.
30.05.2025
Қостанай қ. дом культуры
РЕТРО ДИСКОТЕКА
29.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 мамыр күні сағат 11.00-де Денисов тарихи-өлкетану музейі ссаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «жарқын жылдар жаңғырығы» танымдық бағдарламасы өтті
27.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылғы 27 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстандағы Отбасы күніне орай "Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына" атты өңірлік семей фестивалі өтті
27.05.2025
Құрылым, бөлімдер дом культуры
Должностная инструкция № 01-0-1
27.05.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді 4 маусым күні сағат 18:00-де City орталығында өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік концертке шақырамыз. Біз сіздерді күтеміз!
26.05.2025
Қостанай ауданы дом культуры
«Балдырған» вокалдық тобы
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еңбек үшін алғыс!
Автор: Б. Майлин дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
Автор: Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
Автор: Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
РЕТРО ДИСКОТЕКА
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Должностная инструкция № 01-0-1
Автор: Құрылым, бөлімдер дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру