«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруаясында «QOSTANAI» облыстық телеарнасында «Біздің айтыс» тележобасы өз жұмысын бастады.
Телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімі 10-13 қыркүйек күндері өтеді.
«Біздің айтыс» жобасы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші айналымда 24 ақын 12 жұп болып бақ сынайды. Одан өткен 12 ақын 6 жұп болып екінші айналымда айтысады. Үшінші айналым – «ФИНАЛ». Мұнда 6 ақын, 3 жұп.
Айтысқа бас аяғы 24 ақын қатысады. Айтыс жекпе жек ережесінде өткізіледі.