Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың 25 жылдығына арналған «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» іс-шарасы.
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1997 жылдан бастап Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн еске алу акцияларымен белгіленеді және сол қайғылы жылдары жазықсыз зардап шеккендердің бәрін еске алады.
31 мамыр күні Әулиекөл ауданының орталық скверінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күні тоталитаризм жылдарында қаза болғандарды еске алуға арналған митингке аудан әкімшілігі, ардагерлер, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, Әулиекөл ауылының тұрғындары аталған іс-шараға қатысты.