altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
ӘНДЕРІ – ӘСЕМ ӘЛЕМІ
18.04.2021
1631
0
"Тобыл-Торғай әуендері" айдары өңірдің ән-күй өнерінің дамуына үлес қосып жүрген талантты тұлғаларды таныстыруды мақсат етеді. Мәдени мүйісіміздің бүгінгі кейіпкері – дарынды композитор Бақытжан Төлебайұлы Мұқашев. Дарынды өнерпаздың шығармашылығы аясында өрбіген шағын сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз. 

 
- Ең әуелі қалың оқырманға өзіңізді қысқа-нұсқа таныстыра кетсеңіз...
- Мен, Бақытжан Төлебайұлы Мұқашев 1949 жылы 16 қыркүйекте Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылында дүниеге келгенмін. 1966-1970 жылдары  П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде кәсіби білім алдым. Ән өнеріне іңкәр болып өскендіктен, музыка саласына таңдауымның түсуі кездейсоқтық емес еді.
 
- Ән өнеріне деген қызығушылығыңыз қай кезден бастап оянды? 
- 12 жасымда Александр Масиенко есімді сыныптасым маған өзінің баянын алып келіп, осы аспапта ойнауды үйретті. Сол сәттен бері менің музыка әлеміне деген қызығушылығым артты.
 
- Әнді қай жасыңыздан бастап жаздыңыз? Ең алғашқы туындыңызбен таныстыра өтсеңіз.
- Менің алғашқы әнім 1968 жылы 4-курста оқып жүрген кезімде жарық көрді. Тырнақалды туындым “Ночная столица” деп аталды. Әннің сөзін Қабдікәрім Ыдырысов жазды да, оны орыс тіліне Валентин Смирнов деген азамат аударды.
 
- Қазіргі заманауи әндерге көңіліңіз тола ма?
-Соңғы шығып жатқан әндерді көп ұната бермеймін. Себебі, музыка – селқос қарайтындай ермек емес, өте құдіретті өнер, терең сала. Өкінішке қарай, соңғы кездері оны бағаламай кеттік, арзандатып алдық. Бұл салада тұрақты бақылаудың болмауынан екінің бірі ән жазып, қастерлі өнерді қор етіп, қоғамды  да, тыңдармандарды да мезі қылып бітті. 
Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Жаңадан шығып жатқан әндердің арасында жақсылары да бар. Бірақ, әннің тәрбие құралы екенін жете түсінсек, керек болса, бір әнмен-ақ күллі ұрпақтың санасына әсер ететінімізді ескерсек, бұл саланы қадағалауда ұстауды мықтап қолға алуымыз керек-ақ, ол бүгінгі таңдағы рухани қажетттіліктен туындап отыр.  Қазақ ұлтының ән өнерінің насихаты неге мардымсыз? Меніңше, ол бүгінгі ұрпақтың талғамына сай келмегендіктен емес, үгіттеу жеткіліксіз сияқты көрінетіндей. Мәселен, өткенімізге үңілсек, өте терең бармай-ақ, тамаша әндерімен бар қазақты тербеткен Шәмші ағамыздан қандай үлгі, тағылым алуға болар еді.
 
- Шығармашылық әлеміңізде қандай жаңалықтар бар? Алдағы уақытқа құрып отырған жоспарларыңызбен бөлісесіз бе?
- Өнер жолындағы адам болған соң жоспар бітпейді ғой. Қазіргі таңда Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың “Жанұя” деп аталатын өлеңіне ән жазу үстіндемін. Сәтін салса, бұл туынды да тыңдармандарға жақын арада жол тартады деген үміттемін.  Оның сыртында қостанайлық ақын Мешіт Ғазизұлымен “Ақ жол” партиясының әнұранын жазуды жоспарлап отырмыз.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
10.01.2025
Алтынсарин дом культуры
«Көк бөрі» ВАА
06.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Әлем біздің көзімізбен» ҚБ-дан «МИРАС» МҮ басшылығы мен ұжымына Алғыс хат
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
"Мирас" МҮ жаңа жылдық концерттік бағдарламасы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
Түнгі сағат 00.00-де лед-экранда ҚР Президентінің құттықтауы көрсетілді, бұл құттықтау сөздері алдағы жылға мерекелік және шабыт атмосферасын сыйлады
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз!
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
22:00 - 23:00 аралығында ең жарқын музыкалық қойылымдар өтті Жаңа жылғы түннің ең басты сәтін күту кезінде, концерттік бағдарлама баршамызға керемет эмоция сыйлады
31.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Затея» балалар клубының қатысуымен «Жаңа жылдық көңіл-күй» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті
31.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін «Жаңа жыл түнінің сиқыры» атты мерекелік бағдарлама өтті
31.12.2024
Амангелді дом культуры
«Жақсылықпен кел, Жаңа жыл» - атты думанды кеш өтті
30.12.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өтті
30.12.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 26 желтоқсан күні Денисовка ауылының орталық алаңында Денисов ауданының бас шыршасын жағу рәсімі өтті
28.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
28 желтоқсанда сағат 17:30-де жылы және мерекелік ортада аға буын өкілдеріне арналған «Жаңа жылдық жарқын кеш» атты би бағдарламасы өтті.
28.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 28 желтоқсанда, "Мирас" МС әртістерінің ұйымдастыруымен номер №13, №8, №10 маршруттарында Жаңа жылдық маршрут атты қызықты бағдарлама өтті
27.12.2024
Амангелді дом культуры
«Көңілді шырша» шамдарын жағу рәсімі өтті
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қонай тұрғын алабында шыршаны жағу
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Бүгін, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, қоныстанушылар «Береке» шағын ауданындағы №38 үйдің пәтерлерінің кілттерін алды
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай теміржол вокзалына 50 жыл толды
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
24 желтоқсан күні сағат 10:00-де УКА 1612 аумағында «Төрлет құтты жаңа жыл» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
25.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
25 желтоқсан сағат 13:00 Амангелді тұрғын ауданындағы «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 30 жалпы орта мектебі» ҚММ базасында «Жаңа жыл жаңа бақыт» атты концерттік бағдарлама өтті
25.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласында басты шыршаның шамы жағылды
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Көк бөрі» ВАА
Автор: Алтынсарин дом культуры
10.01.2025
Ary qaraı
«Көңілді шырша» шамдарын жағу рәсімі өтті
Автор: Амангелді дом культуры
27.12.2024
Ary qaraı
Қонай тұрғын алабында шыршаны жағу
Автор: Қостанай қ. дом культуры
26.12.2024
Ary qaraı
Қостанай теміржол вокзалына 50 жыл толды
Автор: Қостанай қ. дом культуры
26.12.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý