altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
НК: Ирина Новицкая: «Өзімді қазақ қызындай сезінемін»
10.05.2026
199
0
Ирина Новицкаяның есімі «Алтын шаңырақ» республикалық этноайтысындағы жеңістен кейін кеңінен таныла бастады. Бас жүлдені қанжығасына байлаған жерлесіміз аз уақыттың ішінде көпшіліктің назарын аударып үлгерді.
 
Қазақ тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, суырыпсалма өнерде де топ жарған Иринаның бұл жетістігі – оның өнерге деген қызығушылығы мен табанды еңбегінің нәтижесі.
 
Әкесі – орыс, анасы – қазақ отбасында дүниеге келген Ирина үшін қазақ тілі бөтен емес.
 
– Мен қазақ тілін арнайы үйрендім деп айта алмаймын. Сол тілдің ортасында өсіп, сол тілдің үнімен есейдім. Сондықтан ол мен үшін жүрегіме жақын ана тілімдей, – дейді ол.
 
Амангелді ауданының Қарасу ауылында туып-өскен кейіпкеріміз бала кезінен өнер мен білімге жақын болды. Мектеп қабырғасында түрлі олимпиадаларда, Абай оқулары сынды байқауларда белсенділік танытып, бақ сынасты. Сонымен қатар ән айтып, домбыра үйірмесіне де шеберлігін шыңдады.
 
Кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде қазақ филологиясы мамандығын меңгерді. Бүгінде ол Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында аудармашы болып қызмет етеді. Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» мекемесінде түрлі жастағы тыңдаушыларға қазақ тілін үйретеді.
 
Айтыс алаңындағы алғашқы қадам
 
Ирина айтысқа қатысу туралы ұсыныс түскенде жүрексінгенін жасырмайды. Бұған дейін бұндай додаға қатысып көрмеген кейіпкеріміз үшін мүлде жаңа бағыт еді.
 
– Басында қатысудан бас тартқым келді. Бірақ жолдасым «домбыра тарта аласың, ән айта айта аласың, қолыңнан келеді» деп жігерлендірді. Сөйтіп тәуекел етіп, бел будым, – деп еске алады Ирина. – Осы жобаға дайындаған ұстазымның да қолдауын ерекше сезіндім. Өзіме сенбей, күмәнданған сәттерімде ол кісінің сенімі үлкен шабыт сыйлады. Айтыстың қай тұсында мінез қосу керек, қай жеріне екпін беру қажет, бәрін үйретті.
 
Жеңіс сәті жерлесіміз үшін күтпеген әрі толқынысқа толы болды. Айтуынша, ақындар додасы оған айтыстың қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, ерекше әсер қалдырған.
 
Айтыстың қазақ мәдениетінде алатын орнын, ақынның суырыпсалма қасиетін өз көзіммен көріп, құлағыммен естігеннен кейін осы өнерге деген махаббатым ашылды. Енді айтысты жібермей қарайтын көрерменге айналатын сияқтымын. Бұл өнердің ерекшелігі оның шынайылығында. Ақын сол сәтте жүрегінен шыққан сөзді әсерлі, мәнерлі етіп жеткізеді, бұл қасиет әр адамның бойында бола бермейді, – дейді кейіпкеріміз.
 
Сахнадағы сөз жарысына белгілі айтыскер Жібек Шахмарданқызы жетекшілік етті. Бір айға жуық уақыт ішінде ұстаз бен шәкірт күн сайын байланысып, айтыстың мақамы, тақырыбы, сөз саптауы бойынша тығыз жұмыс жүргізген. Айтысқа санаулы күн қалғанда олар Астанада жүздесіп, дайындықты бетпе-бет пысықтады.
 
– Бұл айтыс дәстүрлі айтыстан бөлек. Ерекшелігі – өзге ұлттан шәкірт дайындайсың, сондықтан жауапкершілік екі есе артады. Өлеңін қарап, мақамын үйретіп, сахнаға баптау керек, – дейді Жібек Шахмарданқызы.
 
Тәлімгерінің айтуынша Ирина Новицкая айтыс мақамын өз табиғатына сай сахнада шебер жеткізе білген. Ал оның домбыра шертуі және ақындарша ойлау қабілеті – табиғи дарынын айқындай түсіпті.
 
– Торғай өңірінің тумасы, алғашқы ақбозатты ару атанған Жадыра Құтпанова апайымыздың мақамына салдық. Тура Иринаның табиғатына құйып қойғандай әдемі жараса кетті. Қанша дегенмен Торғайдың топырағы қанында бар, бұрыннан білетіндей айтып шықты. Сондай-ақ оның есту қабілетіне тәнті болдым, мақамды тез қағып алады. Ұйқас құрап, ойды жеткізу білуі де – ақынға тән қасиеттер. Осы қабілеттерін шыңдай түссе, мүмкіндігі әлі алда, – деп ақын Иринаның табиғи қабілетіне ерекше тоқталды.
 
Айтыс барысында кейіпкеріміз көрермен ықыласына бөленіп, ерекше шумақтарымен есте қалған сәттер болды:
 
Тобыл мен Торғай деген атым қандай,
Қазақтың өр рухы жатырғандай.
Осындай жерде туып-өскеннен соң,
Жүрегім қазақ деуге хақым бардай.
 
Сөз таластырған қарсыласы – Амангелді ауданының тумасы, қазір астаналық Алла Платонова болды. Екі жас ақынның айтысы мазмұнды да өнегелі өтіп, көрермен көңілінен шықты. Сахнадағы өзара құрмет пен мәдениетті диалог айтыстың көркін аша түсті.
 
Қарсы тарап та қалың көрерменді тыңғылықты дайындықтарымен тәнті етті. Алланың тәлімгері мықты ақындардың бірі, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан болды. Бұл этноайтыс Бірлік күніне орай ұйымдастырылғандықтан татулық пен ынтымақты алға тартуға тырыстық. Апалы-сіңілі қыздардың өнегелі сөз тартысы болды деуге болады, – дейді Жібек Шахмарданқызы.
 
Тіл мен тағдыр тоғысқанда
 
Бүгінде Ирина Новицкая Қостанайда мемлекеттік тілді насихаттауға белсенді үлес қосып жүр. Ол – облыстық Достық үйінде «Мәміле: ситуативті қазақ тілі» курсының оқытушысы. Бұл курс облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бес жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келеді. Сабаққа шамамен 40-қа жуық тыңдаушы қатысады, олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, жастар мен зейнеткерлер де бар.
 
Тіл үйренгісі келетіндерді көбі көпшілік алдында сөйлеуге ұялады. Керісінше сөйлеуге талпынбаған адам ұялуы керек. Ал үйренемін деген жан қателесуден қорықпауы тиіс. Әр адамның мүмкіндігі әртүрлі. Бірақ қазір қазақ тілін үйренем деушілерге еш кедергі жоқ.
 
Ең бастысы – ниет пен тұрақтылық. Егер адам күнделікті өмірде қазақ тілін қолданбаса, нәтиже де баяу жүреді. Сондықтан тілді дамыту үшін орта мен қолданыс өте маңызды, – деп есептейді тіл маманы.
 
Ирина үшін қазақ тілі тек мамандығы немесе қарым-қатынас құралы емес, өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Ол өз ойын, сезімін осы тілде еркін жеткізеді, қазақы ортада өзін жатсынбайды. Жеке өмірінде де ұлттық құндылықтарды берік ұстанады – қазақы салтпен сырға салынып, ұзатылып, бүгінде қазақ отбасының келіні атанып отыр.
 
Қазақ мәдениетін көріп өскеннен кейін менде ешқашан ешқандай жатырқаушылық болған емес, өзімді толық қазақ қызындай сезінемін. Бала кезімнен қазақы жөн-жоралғымен ұзатылымды білдім, соны қаладым, – дейді Ирина.
 
Ирина Новицкаяның жеңісі – тек бір адамның жетістігі емес. Бұл – қазақ тілінің ұлтқа бөлінбейтінін, мәдениеттің баршаға ортақ құндылық екенін дәлелдейтін жарқын мысал.
 
Назгүл АЗАТҚЫЗЫ,
суреттер жеке мұрағаттан
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
16.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бәйге
16.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
«Жырлаймын туған елімді» – туған жерге тағзым!
16.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Мерейлі Мерейтой – 90!
11.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
«Мөлдір бұлақ» – табиғатқа деген жанашырлық әр азаматтың ісінен басталады!
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 шілде күні сағат 17:00-де қала ортылығы сахнасында Астана күніне арналған «Астана – жүректің нұры» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @nashkostanay - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - 5 шілде күні «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді. Қазақтың қасиетті қара домбырасы – халқымыздың жан дүниесін, тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мұра. Ұлттың рухын асқақтатып, елдік болмысымызды айшықтайтын қос ішекті аспап бүгінде ұлттық нышандарымыздың біріне айналған
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
5 шілде күні сағат 17:00-де «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты концерттік бағдарлама өтті
03.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
03.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблі Арқалық қаласында өткен Ұлттық домбыра күніне орай «Тобыл–Торғай күйлері» облыстық күйшілер байқауына қатысып, өңір өнерінің мерейін үстем етті
02.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Домбыра – халықтың жаны, Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Еліміздің бас қаласының мерекесіне арналған салтанатты концертке шақырамыз! 6 шілде | 17:00 Қостанай қаласы City орталығы (сахна) Астана күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақ халқының ұлттық өнері мен рухани мұрасының символы – домбыраға арналған мерекелік концертке шақырамыз! 5 шілде | 17:00 «Ұлы дала» жағалауы (Ғашек көшесі) Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Туған күніңмен, ауданым!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
17.07.2026
Бәйге
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
16.07.2026
«Жырлаймын туған елімді» – туған жерге тағзым!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
16.07.2026
Мерейлі Мерейтой – 90!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
16.07.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
03.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру