altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Мәдениет – ұлт рухының айнасы
06.03.2026
263
0
Федоров ауданында мәдениет пен тіл саясатын дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді.
 
Жергілікті жердегі мәдениет ошақтарының жай-күйі, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастарды мәдениет саласына тарту және алдағы жоспарлар туралы Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Салпеновамен сұхбаттастық.
 
— Айнұр Төлепбергенқызы, ауданда мәдениет саласын дамыту бағытында бүгінде қандай басым жобалар жүзеге асырылып жатыр? Олардың тұрғындар үшін берері қандай?
 
— Аудандағы мәдениет саласының дамуы жылдан жылға көркейіп, дамып келеді деп айтсам артық емес. Соңғы бес жылды алатын болсақ, мәдениет үйінің жанынан құрылған «Жаркөл» этно-ансамблі, «Арыс», «Ақ кербез» сияқты топтар ұлттық өнерді насихаттап, тек аудан емес, облыс тұрғындарының да көңілдерінен шығып жүр. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен облыстық деңгейде мүмкіндігі шектеулі шығармашыл жандарға арналған «Шексіз шығармашылық», жетіген аспабын жаңғырту мақсатында облыстық «Жаркөл сазы» байқауы, өзге ұлт өкілдерінің арасындағы «Халқымның сазды әуені» байқауы, халықтар биін дамытуға бағытталған облыстық «Жаркөл өрнектері» және өзге де толайым іс-шаралар ел назарына ұсынылып келеді. Нәтижесі көңіл қуантарлық деңгейде. Көрерменнің көңілінен шығып, жақсы бағасын алуда. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың мәдени демалыстарын жақсы өткізіп қана қоймай, ұлттық мәдениеттің де дамып жатқан көрінісінің бір айғағы.
 
— Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бөлім тарапынан қандай жүйелі жұмыстар атқарылуда?
 
— Бөлімнің басты миссиясының бірі – тілді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында, тілдерді оқыту курстары ұйымдастырылған. Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тілдік жоба, түрлі жас ерекшеліктерге арналған іс-шаралар, әлеуметтік желілерде әртүрлі тілдік айдарлар жүргізіледі. Әкімдіктің ресми сайтында қашықтықтан тілді меңгеру үшін «Bala tili», «TIL-QURAL», «Тilalemi.kz», «Soyle.kz» сайттарының сілтемелері орналастырылған. Яғни, қазақ тілін меңгеремін деген жанға барлық жағдай жасалған деп айтуға толық негіз бар.
 
— Федоров ауданында ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттауға арналған мәдени іс-шаралардың рөлі қандай деп ойлайсыз?
 
— Аудандағы ұлттық өнерге байланысты жүргізіліп жатқан жобалар туралы қысқаша жоғары да айтып өттім. Қуантарлық жағдай жаңа Конституциямызда ұлттық құндылықтар мен мәдениетіміз жаңа деңгейде қорғалады. Бұл өзгерістер бүгін ғана емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан маңызды таңдау деп ойлаймын. Ал оларды насихаттап, дәріптеудегі шаралардың рөлі, әрине ерекше.
 
— Ауылдық мәдениет ошақтарының қазіргі жай-күйі қандай? Оларды жаңғырту, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қандай жоспарлар бар?
 
— Жалпы, Федоров ауданы аумағында 16 ауылдық клуб, 1 аудандық мәдениет үйі, 19 кітапхана жұмыс атқарады. Жыл сайын осы аталған мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін аудандық бюджеттен, онымен қоса жергілікті демеушілердің есебінен де қаражат бөлініп отырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға 45 млннан астам қаражат бөлінді. Оған сахналық киім тіктірілді, музыкалық құрал-жабдықтар мен аспаптар алынды, кітап қоры толықтырылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыс тоқтамайды. Әрі қарай жалғасын тауып, жылдан жылға мәдениет мекемелері жаңғырып, көркейеді деген ойдамыз.
 
— Білуімізше ауданда музей жоқ. Осыған байланысты қандай жұмыстар қолға алынуда?
 
— Иә, ауданның мектептерінде музей бөлмелері ғана бар. Негізі, алдағы уақытта аудан орталығында музей ашу жоспарланған. Бұл бағытта жұмыстар ақырындап қолға алынуда. Алдағы уақытта музей ашылып жатса, сіздерде соған куәгер боласыздар деп ойлаймын.
 
— Жастарды мәдениет пен тіл саясатына тарту бағытында қандай тың бастамалар қолға алынуда? Жас өнерпаздарға көрсетілетін қолдау туралы айтып өтсеңіз.
 
— Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзіне қарасты мекемелерді қажетті білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасайды. Жоғарғы және орта білім беру мекемелеріне барып, бос орындар жәрмеңкесіне қатысамыз. Ауданда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жақсы деңгейде жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша жас мамандармен үй алуға несие және бір реттік көтерме жәрдемақы алады. Сондай-ақ, мәдениет мекемелерінің бірнеше қызметтік пәтерлері бар. Олар да аталған салада жұмыс істейтін қызметкерлерге пайдалануға беріледі. Әрі қарай тәжірибемді дамытып, біліктілігімді арттырамын дейтін мамандар жыл сайын түрлі бағыттағы шеберлік сағаттарына, біліктілік арттыру курстарына қатысып отырады.
 
— Алдағы уақытта мәдениет және тілдерді дамыту саласында аудан тұрғындарына қандай жаңашыл жобалар мен маңызды шаралар ұсынылады деп күтуге болады?
 
— Алдағы уақытта жақсы-жақсы жоспарларымыз бар. Бірақ «Арық сөйлеп, семіз шық» демекші, шет жағасын ғана айтайын. Биылғы жылы алғаш рет ауданымызда халықаралық этникалық музыка фестивалін, жаңа жобаның бірі – шығармашыл егіздер фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осындай осындай тың идеяларымыз бар. Қорыта айтқанда, жұмысымыздың жетістігі бар, бірақ алар белесі одан да биік!
 
— Сұхбатыңызға рахмет. Істеріңізге сәттілік!
 
 
 
Сұхбаттасқан Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ,
ҚӨУ журналистика мамандығының 4 курс
студенттері,
Федоров ауданы
QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
12.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХVІІІ облыстық халық шығармашылығының көркемөнерпаздар байқау-фестивалі аясында марапаттау рәсімі өтті
12.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 11:00-де «Мирас» ҚМС концерттік залында Костанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХVІІІ облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті
12.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @culture_qostanai - ✨ XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі — Қостанай қаласында
12.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Ана — өмірдің шуағы
10.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр күні сағат 18:00-де қала орталық сахнасында Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіске арналады!» атты мерекелік концерт өтті
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр күні сағат 11:00-де «Батырларға тағзым» Жеңіс саябағында Жеңіс күніне арналған еске алу митингісі мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - ✅ Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Қадірлі қостанайлықтар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
09.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр күні сағат 11:00-де «Батырларға тағзым» Жеңіс саябағында Жеңіс күніне арналған еске алу митингісі мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр | Қостанай
09.05.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл орталық алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.
08.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Муниципалдық А. А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің «Қорғаушы жүрегі — ел жүрегі» концерттік бағдарламасы аясында, Отан қорғаушылар күніне арналған қойылымынан үзінді.
08.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті
07.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 мамыр күні сағат 17:00-де облыстық әкімдік алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған «Қорғаушы жүрегі — ел жүрегі» атты концерттік бағдарлама өтті
07.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанайда мерекелік концерт.📍Тікелей эфир жазбасы
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Ерлікке тағзым: 100 жастан асқан ардагерге ерекше құрмет
06.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Ерліктің символы
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда майдангерге құрмет көрсетілді
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 мамыр күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін «Отанын қорғаған батырлар» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Николай Берлимовтың жетекшілігіндегі «Ивушка» халық хоры «Невская звезда» атты Бүкілресейлік фестиваль-байқауында қайтадан І дәрежелі лауреат атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
QOSTANAI TV: Айбек Қалиев | «Сенбілік кеш»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
10.05.2026
QOSTANAI TV: Жұматай Ахметхан. | «Сенбілік кеш»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
12.04.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Ана — өмірдің шуағы
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
12.05.2026
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
09.05.2026
9 мамыр | Қостанай
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
09.05.2026
Қостанайда мерекелік концерт.📍Тікелей эфир жазбасы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
07.05.2026
Ерліктің символы
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.05.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда майдангерге құрмет көрсетілді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.05.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру