altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкімет өз жұмысының басым бағытын белгіледі – экономиканың барлық салаларына технологияларды енгізу
06.01.2026
162
0
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады.
 
Олжас Бектенов Президенттің 2026 жылды Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялауы Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарын айқындайтынын атап өтті.
 
«Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Біздің басты мақсатымыз – экономиканың барлық салаларына серпінді технологияларды енгізу. Жаңа цифрлық өнімдердің оң нәтижесін әр азамат сезінуге тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
 
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 2606 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. 2026 жылы тағы 1900-ін қосу жоспарлануда. Сондай-ақ 2025 жылы Алматы мен Астанада қуаттылығы 7,4 МВт болатын екі жаңа деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді. 2026 жылы жиынтық қуаты 12,9 МВт болатын тағы үш ұқсас деректер орталығын іске қосу жоспарлануда, бұл цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік береді.
 
Сұраныстың тұрақты өсуін цифрлық қызметтер көрсетуді жалғастыруда. 2025 жылы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 54 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі шамамен $1 млрд-қа жетті.
 
Былтыр цифрландыру және жасанды интеллект саласында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды. Заңнамалық база жасалды, есептеу қуатын сатып алу қамтамасыз етілді, alem.ai ұлттық жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Үкімет бұл жұмысты жалғастырады.
 
«Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Озық технологиялар саласында біз цифрлық шешімдер мен қызметтерді сәтті жасап, сата білетін жетекші елдердің қатарына кіруге ұмтылуымыз керек», — деп атап өтті Премьер-министр.
 
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы инфрақұрылымды дамыту отандық экономиканы нақты трансформациялау ісінде басты рөл атқаратыны атап өтілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда күнделікті өмірде кеңінен қолдануға арналған шешімдер жетіспейтіні айтылды. Компаниялар жаңа прототиптерді ұсынумен ғана шектелмей, оларды толық аяқтап, іс жүзінде қолдануға дейін жеткізуі керек.

Жалпы, цифрландыру экономикамен және күнделікті өмірмен қатар дамып қана қоймай, олардың ажырамас бөлігіне айналуы керек. Бірақ әлі күнге дейін ескірген әдістер, соның ішінде ТКШ, құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық саласында сақталуда. Мысалы құрылыста BIM-модельдер жоқ, өндірістерде роботтандыру, ал ауыл шаруашылығында серпінді IT-шешімдерді енгізу қарқыны баяу. Бұл тиімді жобалау мен басқару мүмкіндіктерін шектейді.
 
Осыған байланысты Премьер-министр уәкілетті органдарға экономикаға елеулі әсері болатын практикалық цифрлық шешімдерге назар аударуды тапсырды. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болу қаупі бар. Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуі қажет.
 
Қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретін, қолданыстағы құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіру бойынша тұрақты проактивті жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
 
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Олжас Бектенов жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
 
Премьер-министр цифрландыру және жасанды интеллект жылын сәтті өткізу үшін кәсіби қоғамдастық пен халықты кеңінен тартуды қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қаңтар айының соңына дейін Жылдың іс-шаралар тізбесін анықтап, сондай-ақ «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірлеу мен бекітуді жеделдету тапсырылды.
 
Цифрландыруды дамытудың құқықтық негізін қалыптастыратын Парламент қабылдаған Цифрлық кодекске заңнамалық актілерді сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс маңызды болып саналады. Басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер әзірлеп, Мәжіліске енгізу, сондай-ақ заңға тәуелді барлық салалық құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру қажет болады. Жүргізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер бойынша IT-қоғамдастық пен жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.
 
Жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуі тиіс. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мемлекеттік функцияларды орындаудың неғұрлым тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуды одан әрі жалғастыруға әкелуі керек.

Ұлттық экономика министрлігіне Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейтуді және жасанды интеллектінің қолданылуын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі функцияларды қайта қарау тапсырылды. Сондай-ақ Жасанды интеллект министрлігіне министрліктердің бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары, яғни, CDO қызметінің нәтижелеріне сапалы талдау жүргізіп, 2026 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерді белгілеу жүктелді.
 
Ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді. Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, І тоқсанның соңына дейін ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіруді аяқтауы қажет. Бұл азаматтардың деректерін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Мемлекет басшысының сұхбатында атап көрсеткен тәсілдерді ескере отырып, экономиканың жаңа технологиялық моделіне көшу тұрақты және сенімді энергетикалық базаның болуымен тікелей байланысты екенін, жоғары өнімді есептеулер, деректерді өңдеу орталықтары, автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістердің дамуы объективті түрде энергияны тұтыну көлемінің еселеп өсуімен қатар жүретінін атап өтті. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне салалық министрліктермен бірге цифрлық инфрақұрылым және өнеркәсіп саласындағы жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, электр энергиясының өндірісі мен тұтынудың ұзақмерзімді балансын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылды.
 
Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.
 
#Олжас Бектенов #Жасанды интеллект #Цифрландыру #Үкімет отырысы

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
16.01.2026
Амангелді дом культуры
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Жаңа жылдық ғажайыптар палитрасы-2026" жаңа жылдық интерактивті қойылымы.
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы күніне арналған «Асқақтай бер, жайнай бер – Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Ұрпаққа ұлы аманат» атты V аудандық ардагерлер шығармашылығы фестивалі
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
субұрқағының салтанатты ашылуы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Тобыл-Торғай - тұңғыштардың мекені» атты облыстық оқушылар айтысы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
22 наурызда «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінің алаңында Наурыз мерекесіне арналған дүркіреген халықтық мейрам өтті!
14.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
«Сағыныш сазы» атты Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР композиторлар одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қостанай қаласының және Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор  Қалибек Деріпсалдинді еске алу кеші
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Надежда» халықтық би ұжымы Қостанай қаласында өткен Республикалық «Импульс» көпжанрлық байқауына қатысты
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай салтанатты концерт
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Тобыл - Торғай" таланттары марапаттау рәсімі
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
“ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ” ІІІ қалалық командалық ашық байқау-фестивалі
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
субұрқағының салтанатты ашылуы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
"Тобыл - Торғай" таланттары марапаттау рәсімі
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру