altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
БЕС ЛИТР ШҰБАТ
23.04.2021
1133
0
2001 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Республикалық әзіл-сықақ байқауының тұсауы кесілді. Сайысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен "тілінің қотыры бар" театрлар мен қалжыңбастар қатысты. Әділ-қазылар алқасына қазақ сатирасына еңбегі сіңген, әзілдің қаймақтары марқұм Құдайберген Сұлтанбаев, Лида Кәденова, Бауыржан Ибрагимов бастаған серкелер отырды. Осы байқауда «Екі Езу» сатира театры жүлделі орынды қанжығасына байлап, Ақтөбенің абыройын көтеріп қайтты. Өкінішке орай бұл жоба әрі қарай тоқтап қалды.



Айтайын дегенім, сайыстан соң қонақ үйге шашы аппақ, көзінде көзілдірігі бар, орта бойлы қария театрды іздеп келді. Бастапқыда танымай қалдық. Әңгімелесе келгенде сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов болып шықты. Жазушының аты-жөнін бала кезімізден білеміз,түрі есімізде сақталмапты. Бұл кісі сахнаға шықпайтын, теледидардан жылтыңдамайтын сықақшы. Көсіліп көп сөйлемейді. Айтса шығып алады. Үнемі жастардың көзқарасын қолдайды. Кейбір ата сақалы аузына түскен сатириктер құсап «Анау ұнамайды, мынау күлдіре алмады, баяғы «Тамаша» жақсы еді» деуден аулақ кісі. Төрт қабырғадан шықпай, өз ауласынан әрі аса алмаса олар нені түсінеді? Қазір әзіл түгілі ән де өзгерді. Әр заманның өз стилі бар. Міне, осыны С.Кенжеахметов түсініп кетті.

Содан бізді қонақ үйдің жанындағы шәйханаға шәй ішуге шақырды. Жүрегі қазақтың қазынасына толып тұрған Сейіт ағамызбен екі сағат әңгімелесіп, терлеп шәй іштік. Ол кісі екі күн бойы сайыста сыншы болып отырған екен. Біздің жігіттердің сахнадағы ойнағаны қатты ұнапты. Менің жазған әзілдеріме жоғары баға берді. Актерлерге өзінің «Жиған-терген» кітапшасын таратты. Ақылын айтып батасын берді.

Осы кездесуден кейін біздің арамыздағы достығымыз қоюлана түсті. Арқаға барғанда үйіне қонаққа шақырды. «Қазақ халқының тұрмыстары мен мәдениеті» туралы шығарған бес томдық үлкен кітабын сыйға тартты.

 Бір сөзінде ол әкесі Кенжеахмет туралы әңгіме қозғады.

"Әкем Кенжеахмет дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі:

- Кенеке, дүниеге кедей екенсің ғой,- депті.

- Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың, -деп жауап берген болатын", - деді. Қандай тауып айтылған сөз. Кейін Сейіт аға Ақтөбенің Ырғыз селосынан келін түсірді. Құда болып келгенде Ақтөбеге соқты. Шұбат ішкенді өте жақсы көреді. Өзінің замандасы сықақшы Төрежан Мәндібайды іздеп барады. Сатираның екі бірдей атасының ұлағатты сөздерін тыңдап, қастарында біз жүреміз. Жыл сайын қалаға үзбестен келіп тұрды. Кетер кезде міндетті түрде бес литр шұбатты вагонға салып жіберемін. Еліне жеткенше ішіп барады. Соңғы рет келген сапарында біздің үйде болды. "Пойызға дейін танысымның үйіне барып келемін, маған шұбатты теміржол вокзалына жеткіз", - деді. Өкінішке қарай, мен пойыздың уақытынан жаңылысып, кешігіп бардым. Пойыз жүріп кетіпті. Сейіт ағама бес литр шұбат бұйырмады. Сол жылы аяқ астынан көз жұмды...

Көненің көзін сыр сандығына жиып, кейінгі ұрпаққа кітап етіп қалдырған қоғам қайраткерінің 80 жылдығына өзінің туған жері Арқалық қаласы 2019 жылы мамыр айында «Мірдің оғы» атты аймақтық әзіл-сықақ фестивалін ұйымдастырды. Біздің театрға арнайы шақырту қағазы келді. Барып, қатысып, Сейіт Кенжеахметов атындағы арнайы жүлдемен марапатталдық. Сатира саңлағының да, фестивальдің де ғұмыры ұзақ болғай!


 
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
ҚР Мәдениет қайраткері
Жазушылар одағының мүшесі,
"Екі езу" сатира театрының жетекшісі
 
 
Естеріңізге саламыз, 27-28 сәуір күндері сатирик-жазушы, этнограф-ғалым
С. Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді.

 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
29.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 қараша күні Денисов ауданының аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкері күніне арналған «Туған жерге тағзым» атты мерекелік бағдарламасы өтті.
29.11.2024
Әулиекөл дом культуры
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлер күніне
26.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 26 қарашасында KPI бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес №15 орта мектепте «Мирас» мәдени орталығының ұжымы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» тақырыбында театрландырылған бағдарлама көрсетті
25.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 5 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Денисов ауданының түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинаған "Карусель-2024" балалар шығармашылығының керемет аудандық фестивалі өтті. Балалар өздерінің таланттарын әр түрлі бағытта көрсетті: би қойылымдары мен музыкалық нөмірлер. Жарқын атмосфера, шығармашылық қойылымдар көрермендерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Аудандық фестиваль ата-аналар мен тәлімгерлердің қолдауымен нығайтылған балалар шабытының нағыз мерекесі болды. Барлық қатысушылар ақшалай көтермелеулерге грамоталармен және акшалай сертификаттар алды.
23.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 22 қараша күні Денисов кәсіптік техникалық колледжінде ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шараны аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары оқу орнының оқытушылары мен студенттеріне арнап ұйымдастырды.
20.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде қазақтың ұлы композиторларының бірі - «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Өткен және қазіргі ән» аймақтық фестивалі өтті. Кеш барлық қатысушыларды музыка мен өнер әлеміне апаратын әдемі әуендер мен әндерге толы болды. Фестиваль қатысушылары көрермендерді өздерінің таланттарымен және музыкаға деген құштарлығымен қуантып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Аймақтық фестивальге Денисов, Қамысты, Б.Майлин аудандары мен Жітіқара қаласынын өнерпаздары қатысты.
20.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылдың 20 қарашасында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің әртістері Әуликөл ауданында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында мәдениет үйлерінің, өнер мектептерінің қызметкерлері, аралас командалары (4+2) арасында волейболдан аудандық ашық турниріне қатысты
19.11.2024
Денисов дом культуры
«Түйемойнақ» театр ұжымы
18.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Әнім саған, туған ел!
18.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Өнер ардагеріне құрмет көрсетілді
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Атақты жерлесіміздің мерейтойына орай
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Мәңгі жүрегіміз бен жадымызда
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин 130 жылдығына
14.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 14 қараша күні Денисов аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасынының ұлттық валюта күніне арналған «Теңге - ұлттық құндылық» атты мерекелік бағдарламасы өтті.Іс-шара барысында, қаржы саласының қызметкерлерін Денисов ауданы әкімі Катпаев Руслан Жоламанұлы құттықтап, өз атынан грамоталарымен алғыс хаттарын табыс етті,сондайақ қаржы саласының ардагерлерін атап өтті, және жас мамандарды мерекемен шын жүректен құттықтады.
11.11.2024
Денисов дом культуры
Бүгін, 2024 жылдың 11 караша күні аудандық Мәдениет үйінің кіші залында қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Халықтан шыққан тума талант», атты танымдық бағдарламасы өтті.
11.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 10 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінің «Бренд Әлем» КВН командасы, құрамында - Есенкелді Сырым, Самат Әли, Жолдыхан Азамат, Амангелді ауданында өткен «Жайдарман» облыстық финалдық лигасына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. «Жайдарман» финалдық лигасының сайысын ұйымдастырушылар – «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамының бірлестігі, «Қостанай КВН» облыстық филиалы, «Жайдарлы жастар» облыстық қоғамдық қоры.
11.11.2024
Қостанай ауданы дом культуры
"Өнеріміз сағантҚазақстан"
08.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымы Қостанай облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды
05.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «Өнеріміз саған, Қазақстан» // 24.10.2024
05.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 4 караша күні Денисов аудандық мәдениет үйінде XXXVII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Түйемойнақ» театр ұжымы
Автор: Денисов дом культуры
19.11.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TAŃY: Әнім саған, туған ел!
Автор: Қостанай қ. дом культуры
18.11.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TAŃY: Өнер ардагеріне құрмет көрсетілді
Автор: Қостанай қ. дом культуры
18.11.2024
Ary qaraı
Атақты жерлесіміздің мерейтойына орай
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
Мәңгі жүрегіміз бен жадымызда
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
Бейімбет Майлин 130 жылдығына
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
"Өнеріміз сағантҚазақстан"
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
11.11.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý