altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 15-19 наурыз аралығында «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» тақырыбында музыка мектептері мен колледждегі домбыра пәні бойынша сабақ беретін ұстаздарға арналған курс өткізді.
26.03.2021
2426
0
Курстың алғашқы күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тоқтағанов Айтжан Есенұлы  төкпе күйлердің орындалу ерекшеліктері жөнінде тәжірибелік сабақ көрсетті. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы «Ақжауын» камералық оркестрінің артисі, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің домбыра аспабы оқытушысы Барлықов Ертай Ғабдылхақұлы Алтай-Тарбағатай және Жетісу күйшілік мектебі күйлерінің орындалу мәнеріне тоқталып, өз тәжірибесін ортаға салды. 
 
ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, профессорлар Ысқақов Біләл Алпанұлы  мен Жүзбаев Жанғали Әлімханұлы  Тәттімбет, Қаратау күйшілік мектебі тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибе жүзінде ұстаздарға шертпе күйдегі оң және сол қол қойылымдары жөнінде түсіндірді. Музыка мектептерінде шертпе күйді нешінші сыныптан бастау керектігі айтылып, ұстаздар өз ойларын ортаға салды. 

 

 
ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» ордені иегері Айдарбаева Роза Тайманқызы Маңғыстау күйшілік мектебі бойынша айтыс күйлердің тарихымен таныстыра отырып, шебер орындап көрсетіп, ұстаз үшін орындаушылық шеберліктің маңыздылығын айтып өтті. Сертеков Нұржан Орынғалиұлы Орда күйшілік мектебі жөнінде, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, доцент, Қазанғаптанушы Еділ Басығараев Қазанғап күйшілік мектебі тақырыбында кең көлемде  дәріс берді. 
 
Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры, Құрмет орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы  Сыр өңірі, Әлшекей күйшілік мектебі  тақырыбында және музыкалық мектептер мен колледждерде оркестр, ансамблдерді жүргізу мәселелеріне тоқталып, авторлық партитуралық жинақтарын, ғылыми кітаптарын ұстаздарға өз жұмыстарына қолдануға ұсынды. 
 
Курстың соңғы күні Күйшілер одағының басшысы Д.Нұрпейісова  атындағы балалар саз мектебінің домбыра аспабының оқытушысы, «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі,  Кенжеғалиев Асқар Мұхамбетқалиұлы «Күйшілер одағы» РҚБ жұмыс жоспары, оқытушылар мен шәкірттерге арнайы өткізілетін одақтың жұмысы, Онлайн сабақтарды өткізуді ұйымдастыру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік ұсыныстарын айтып өтті.
Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Музыкалық білім беру» кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі, PhD  докторанты Кожебаев Дархан Ержанұлы  күй өнерінде «Музыкалық өлкетану» жөнінде айтып,  күй үйретуде  ұстаздың зерттеушілік қызметінің маңыздылығына тоқталды. 
 
Елімізге белгілі күйшілер, профессор оқытушылар курс барысында күйшілік өнердегі әр өңірдің мектептерінің қалыптасуы, оның негізін қалаушылары және  дамуы жайында айта отырып, авторлық ғылыми еңбектерімен таныстырып, әр күйшілік мектептің орындаушылық мәнеріне талдау жасап, ерекшеліктеріне тоқталды. Курсқа әр өңірден 60 тан астам ұстаздар қатысып, күй үйрету жөнінде өз пікірлерімен бөлісіп, теориялық, тәжірибелік жағынан тың мәліметтер алды. 
 
Қостанай өңірінен аталған курсқа аудан, қалалардан өнер мектептерінің және колледж ұстаздары қатысты. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор  орталығының қызметкері, магистр Ж.Жармағанбетова, Майлин ауданы, өнер мектебінің оқытушысы А.Бейбітхан қатысып, курстан алған әсерлерін өз қызметтестерімен  бөлісті.  
 
«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігін «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» курсының сәтті өтуімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.02.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Ерлік пен ұрпақтарды біріктіретін қасиетті жады
13.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» мәдениет сарайының ұжымы Белова Маргарита Юрьевнаны еңбегі сіңген демалысқа шығуымен құттықтайды!
13.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @gggg.dombra Бұл менің Мәдени майданым
12.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @gggg.dombra - Қостанай қаласындағы сапарымыз осылай басталды. Бұйырса концерттің бейнеролигін күтіңіздер.
12.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany Атыраулық күйші Жәнібек Жәмиевтің Қостанайдағы концерті өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады
11.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
11 ақпан күні сағат 18:30-да «Мирас» қалалық мәдениет сарайында Атырау қаласынан келген Жанибек Жамиевтің «Құлағыңнан кетпесін» атты концерттік бағдарламасымен шығармашылық кеші өтті
09.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Ерлік пен ұрпақтарды біріктіретін қасиетті жады
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
13.02.2026
#REPOST @gggg.dombra Бұл менің Мәдени майданым
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
13.02.2026
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
09.02.2026
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру