altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов: «Менің биікке шыққан шыңдарым ұстазым композитор Болат Хамзин ағамен тікелей байланысты...» ​
22.05.2020
3370
0

Сазгерлік өнерге келу жолыңыз жайында айтып өтсеңіз?  

Мен Торғайдағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте оқыдым. Сонда маған өнерден дәріс берген ұстазым ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Болат Хамзин аға өзінің қамқорлығына алып, сазгерлік өнердің қыр-сырын үйретті. Менің биікке шыққан шыңдарым ұстазым композитор Болат Хамзин ағамен тікелей байланысты. Алғашқы әндерімді нотаға түсіріп, мектеп бағдарламасына енгізгенде сол Болат аға. Сондықтан, Болат ағаның жолы мен  үшін бөлек.


Алғашқы шығарған әндеріңізге тоқталсаңыз?  

Менің алғашқы шығарған әндерім марқұм ақын Бейбіт Әбдікұлының сөзіне жазылған «Анама», «Достар вальсі» әндері. Бұл әндерді мектеп көркем өнерпаздарының әншілері үнемі айтып жүрді. Ақын Құланбай Көпішевтің «Гүлім қайда» әні мектепте жүргенде шығарған соң, махаббат туралы ән болғаннан кейін  мені мұғалімдер жиынына салып сонда ақтап алған Болат аға болатын. Бұл әндер менің алғашқы шығарған әндерім.


Ән жазғанда әуенді бірінші шығарып алып, әуенге лайықты өлең сөзін іздейсіз бе?  

Ән шығарғанда кейде ән келіп, сөз іздеуге тура келеді. Ал кейде сөзге ән шығару керек болады. Ол енді қиындау соғады. Сондықтан да әнге сөз іздеп, шығару дұрыс деп ойлаймын.


Торғай өңірінің әнұранына айналған  «Туған жер – Торғайым» әнінің шығу тарихы жөнінде айтып берсеңіз? Сөзін кім жазды?

«Туған жер-Торғайым» әнінің шыққанына 30-жылдай уақыт өтті. 1990-жылдары Торғай қаласына 70-жыл толуына орай Торғайда үлкен той болатын болып, біз концерт дайындығына кірістік. Өнер жанашыры марқұм Орекен Алматов өнер адамдарын жинап, Торғай туралы бір тамаша ән жазу керек екенін айтып, тапсырма берген болатын. Ақын Ғалымбек Әбілхайыров сөз жазатын болып, мен әнін шығаратын болып келістік. Сонымен бір ай көлемінде ән шықты. Сол тойда баянмен өзім шырқап, көпшіліктің алғысына кенелдім. Қалибек Деріпсалдин, Нұрлыбек Жаңабергеновтар айтып таратты. Әнші Сүлеймен Ибрагимов та айтып жүр. Әнді таратқан Қалибек Деріпсалдин екенін айту керек. Қазір «Туған жер-Торғайым» Торғай аумағының ән ұранына айналғаны мені үлкен қуанышқа бөледі.


Әндеріңіздің халыққа кең таралып, насихатталуына ықпал етіп жүрген әншілерге  тоқталып өтсеңіз?

Әннің көпшілікке кең таралуы, ол әншіге байланысты екені белгілі ғой. Айтар болсам, марқұм «Шертер» ансамблінің әншісі Сайлау Ордабаев, Отаркүл Мұқатова, Қалибек Деріпсалдин, Ғазиза Жұмекенова, Досымжан Таңатаров, Ботагөз Дүбірбаева, Түлкібек, Бағлан Рысмағанбетовтар, Оразбек Ғалымовтар, Азамат Мұқатов және Назымбек Молдахметовтарға алғысым шексіз.


Бүгінгі таңда авторлық  қанша әндеріңіз бар?  

Шығарған әндерімнің негізгі саны 70-80-ге жетеді. 15-20-шақты әндер халыққа тараса соған бақыттымыз. Медет Шәйкелов деген әнші ақын Еркебұлан Каримовтың сөзіне жазылған «Туған жер» деген әнімді айтып жүр.


Торғай мәдениетінде өзіндік орны бар «Ғасырлар пернесі» ансамблі жөнінде айтып өтсеңіз? Нешінші жылы құрылды? Алғашқы ұйымдастырушысы кім?

«Ғасырлар пернесі» - халық ансамблінің ірге тасын 1974 жылы қалаған профессор Болат  Шамғалиұлы Сарыбаев. Алғашқы жетекшісі Болат Хамзин. Мен алғашында ансамбльде қобыз аспабында ойнадым.  Сосын Болат ағай саз мектебіне ұстаз болып кетті де, мені өзінің орнына жетекші қылып сайлады. Бірақ қолын ансамбльден үзген емес. Бізге ақыл-кеңесін беріп тұрды. 1976-1992 жылдар аралығында «Ғасырлар пернесі» ансамблінің жетекшісі болдым.  Сосын Абай Әмірханов оқу бітіріп келіп, ансамбль жанашырлары көбейді. Бірақ марқұм Абай көп болған жоқ, Қостанайға шақырылып, «Мирас» ансамблін құрды. Орекен Алматов, Қойшы Сәрсенгелдин және Сәбитбек Жөкешбаев сынды ағалардың ансамблге қосқан үлестері орасан зор.


Ел ішіне кең тараған «Қазақ қызы», «Арқалығым менің» әндері жөнінде айтсаңыз?

1978 жылы Көкшетауда Бурабай шипажайына жазда дем алуға бардым. Жастар көп. Сонда марқұм болып кетті, ақын Лайық Шалдыбаев ағай да дем алып жатыр екен. Сол аға екеуміз сол жолы «Қазақ қызы» деген ән жаздық. Ол әнді Қалибек Деріпсалдин «Шертер» ансамблінің әншісі марқұм Сайлау Ордабаевқа үйретті. «Қазақ қызының» алғашқы орындаушысы Сайлау болатын. Торғай облысы ашылғанда Марқұм Лайық Шалдыбаевтың сөзіне арнап «Арқалығым менің» атты ән жаздым. Ол әнді Ғазиза Жұмекенова, Отаркүл Мұқатова, Ақсымбат Төлеуханова, Роза Сыздықова сынды әншілер орындады. Қазір Қалибек пен екеуміз айтып жүрміз.


Меңдіқара аудандық мәдениет үйінде ұзақ жылдан бері  қызмет етіп келесіз, қазіргі жастардың өнерге деген көзқарасына көңіліңіз толама?

 Меңдіқара жастарының қазір өнерге деген талпынысы өте жақсы. Мұрат Нағашыбай басшы болғалы, мәдениет үйінде толассыз ән-думан үзілмейді.


Тобыл-Торғай өңірінің сазгерлік мектебін жалғастырып жүрген жас сазгерлерге  қандай ақыл кеңес айтар едіңіз?

«Тобыл-Торғай» әуендеріндегі жас композиторлардың әнге деген құлшыныстары адам қызығатындай. Қалибек, Дәмер, Азамат секілді ағалары кеңестерін айтып, түзу жолға салып отырады. Болат, Мұңлыбек, Бағдат, Марғұландардың әндері заман тұрғысына сай келеді. Жалпы олардың әндері жаныңды жадыратады.


Сұхбат сұрақтарына жауап бергеніңізге үлкен рахмет, сізге шығармашылық шабыт тілейміз!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @eduvkvpk - 2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті
27.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді мәдениет үйі
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
28.01.2026
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
27.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру