altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
19 қазанда Науырзым ауданының Шолақсай ауылдық мәдениет үйінде Республика күні қарсаңында облыстық «Тобыл сазы» вокалдық байқауы өтті
20.10.2025
175
0


Бұл жолы байқаудың ауылдық жерде ұйымдастырылуы ерекше әсер қалдырды. Шолақсайлық ағайын өнерпаздарға зор қолдау көрсетіп, ауыл аймақ нағыз мерекелік көңіл-күйге бөленді. Мәдени іс-шараны облыстық мәдениет басқармасының қолдап, облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен Қостанай облыстық композиторлар одағы ұйымдастырды.

Бұл өнер додасы өңірдің музыкалық мұрасын насихаттау, жергілікті композиторлардың шығармаларын кеңінен таныту және жас орындаушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында өткізілді.

Жобаға ерекше қолдау білдірген Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов мұндай мәдени бастамалардың маңыздылығын, жастардың шығармашылығын дамытуға, жергілікті таланттарды қолдауға және Қостанай өңірінің бай музыкалық мұрасын сақтауға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.
Байқауға Алтынсарин, Федоров, Амангелді, Меңдіқара, Қамысты, Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл және Науырзым аудандарынан келген 15 әнші қатысты.
 
Әр қатысушы екі ән орындады: бірі – Қостанайлық композиторлардың шығармасы, екіншісі – қазақстандық авторлардың патриоттық туындысы.

Қазылар алқасының құрамында белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері болды:
• Алдаберген Жақсыбаев – қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «DAUYS» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі, халықаралық «Азия дауысы» және «Discovery» байқауларының лауреаты (Ақтөбе қаласы);
• Азамат Мұқатов – әнші, композитор, «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері, Қостанай облыстық композиторлар одағының мүшесі;
• Қадыр Қаржауов – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы филармонияның солисі.
Сондай-ақ байқау қатысушыларына ізгі лебізін Қостанай облысының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері Өмірзақ Ихтиляпов ерекше ілтипат білдіріп, батасын беріп, облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев құттықтады.
 
Қазылар шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – Фариза Жоламанова (Федоров ауданы)
II орын – Бейбарыс Тойшан (Қамысты ауданы)
III орын – Динара Мырзахметова (Федоров ауданы) және Юлия Галич (Қостанай ауданы)
Арнайы жүлделерге Қызғалдақ Дүйсенова (Науырзым ауданы) мен Әйгерім Мұхамбетжан (Амангелді ауданы) ие болды.
 
Барлық қатысушылар белсенділігі мен жоғары орындаушылық шеберлігі үшін ақшалай ынталандырулармен марапатталды.

«Тобыл сазы» байқауы облыстың мәдени өміріндегі жарқын оқиға болды. Бұл өнер мерекесі жас таланттарды қанаттандырып қана қоймай, Қостанай композиторларының туындылары арқылы туған өлкенің рухани байлығын паш етті.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @eduvkvpk - 2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті
27.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді мәдениет үйі
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
28.01.2026
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
27.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру