altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
ГРАН-ПРИ БОЛГАРИЯҒА БҰЙЫРДЫ
24.04.2022
1409
0
Сонымен, үш күнге ұласқан ХІХ "Алтын микорфон-2022" халықаралық байқауы да аяқталды. Жас әншілер додасына Қазақстанның әр түкпірінен және Армения, Болгария, Қырғызстан секілді алыс-жақын шетелдерден 49 үміткер қатысты.



Өнерлі өрендерге өз ісінің хас шеберлері төрелік етті. Атап айтқанда, қазылар алқасына әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы төрағалық етті. Қазылар құрамында: ҚР Мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, "Бозторғай"және "Шаттық" халықаралық байқауларының директоры, "Витебсктегі Славян базары" халықаралық байқауының Қазақстандағы өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова; Эстетика докторы, "Речныйе ноты" және "Сарандев" халықаралық фестивальдерінің ресми өкілі, "Витебсктегі Славян базары" халықаралық байқауының Болгариядағы өкілі Николай Текелиев; Армения Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Ереван мемлекеттік мәдениет және сапа колледжінің директоры, "Витебсктегі Славян базары" халықаралық байқауының Армениядағы өкілі Вреж Киракосян; "Витебск" мәдениет орталығының бас директоры, "Витебсктегі Славян базары" халықаралық фестивалінің директоры Глеб Лапицкий; Қырғызстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, "KGтай" балалар жобасының авторы және продюсері, "Art Bulak" қоғамдық қорының директоры Гүлнара Тойғанбаева; "Европа Молодая" халықаралық фестиваль-байқауының директоры, Украинадағы «Музыкальное созвездие» фестивалінің арт-директоры Татьяна Апанасенко; Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жетекші әншісі Гүлбану Абдулина болды.
 
Байқауды ұйымдастырушы әрі құрылтайшысы – Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы. Басқарма басшысы Ерлан Қалмақовтың және осы іс-шараның басы-қасындағы барлық жауапты қызметкерлердің арқасында "Алтын микрофон-2022" байқауы өте жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады.
 
Байқаудың екі күнге ұласқан қос айналымынан соң қазылар алқасы жүзден жүйріктерді анықтады.
 
Сонымен, кіші топта 3-орын Ильназ Сатымоваға бұйырды (Қазақстан, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы). 2-орын – Сағындық Түгелдің еншісінде (Қазақстан Қостанай қ.). 1-орынды Тамерлан Абдола қанжығасына байлады (Қазақстан, Бұрындай кенті).
 
Орта топ қатысушылары ішінде 3-орынға Ясмина Аюпова ие болды (Қазақстан, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы). 2-орынға Мөлдір Базарбай лайық деп танылды (Қазақстан, Орал қаласы). 1-орын Адель Күнәділоваға берілді (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.).
 
Ересек жас тобының үміткерлері арасынан жүлделі 3-орынды Ерасыл Мұқанов иемденді (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы). 2-орын – Айдай Балбаеваның қанжығасында (Қырғызстан, Бішкек қаласы). 1-орын Алина Сағынбаеваға бұйырды (Қазастан Нұр-Сұлтан қ.).
 
"Шеберлер" тобында 3-орын жүлдесін Бағдәулет Ермахан қоржынға басты (Қазастан, Нұр-Сұлтан қаласы). 2-орынды Ділназ Сапарғалиева еншіледі (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы). 1-орын Татевик Арцрунянға берілді (Армения, Ереван қ.).
 
Ал "Алтын микрофон-2022" халықаралық байқауының басты жүлдесі – Гран Приді Болгария елінен келген жас дарын Славея Иванова жеңіп алды.
 
Айта кетейік, марапаттау салтанатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қатысып, аймақ басшысының және өз атынан құттықтау лебізін жеткізіп, бас жүлдегерге марапатын табыс етті.
 
Біз осынау беделді байқаудың барлық қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, үздіктердің анықтау үшін үш күн бойы еңбектенген бүкіл қазылар алқасына айтар алғысымыз шексіз!
 
Мінекей, дәстүрлі доданың тарихы тағы да жарқын жұлдыздармен толыға түсті. Енді "Алтын микрофон-2023" байқауынан жаңа есімдер, дүлдүл дарындар күтеміз!

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @eduvkvpk - 2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті
27.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді мәдениет үйі
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
09.02.2026
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
28.01.2026
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
27.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру