altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы, композитор, айтыскер ақын Марғұлан Бақытбекұлы Оспановпен сұхбат
29.11.2021
2109
0

— ӨЗІҢІЗДІ ТАНЫСТЫРЫП КЕТСЕҢІЗ?

 
— Мен — Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы, 1986 жылдың 2 мамырында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылда дүниеге келдім.
 
 
— ӨНЕРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІҢІЗ?
 
— Мектеп жасымнан шығармашылыққа жақын болдым. Түрлі іс-шараларға, үйірмелерге белсене қатысып, әншілік, ақындық өнерімді шыңдадым. Алдымен мектепішілік, кейін аудандық, облыстық оқушылар айтысына қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Жыр мүшәйраларына да жиі қатысып, жазған өлеңдерім газет-журнал беттерінде жарияланып жүрді. Домбыра, гармон тартып, мектеп сахнасынан түспедім.
 
 
— ҚАШАННАН БАСТАП ӘН ЖАЗА БАСТАДЫҢЫЗ, БІРІНШІ ШЫҚҚАН ӘНДЕРІҢІЗГЕ ТОҚТАЛЫП КЕТСЕҢІЗ?
 
— Оқушы кезімде өзім жазған өлеңдерімді кез-келген әнге салып орындап жүретінмін. Кейін өзім де ән жазсам ғой, шіркін, деп армандадым. Арманым мақсатқа ұласты. Мақсатым жүзеге асып, айтысқа өз мақамыммен шығып жүрдім. Студент кезімде алғаш рет «Ренжіме» деген өлеңіме ән жаздым. Оны Арқалықта Есен Жүсіпов деген оқушым музыкалық әрлеу жасатып, бірінші болып сахнаға шығарды. Бұл әнді кейін «АманStar» дуеті (ҚМУ студенттер) өздеріне лайықтап қайта жазды. Осылай алғашқы әнім жергілікті жас әншілер сұранысына ие болғасын менің де ән жазуға деген құмарлығымды арттырды. Кейін Абылай Маудановтың бірнеше өлеңіне ән жаздым.
 
 
— ҚАЗІРГІ ЖАҢА ШЫҒЫП ЖАТҚАН ӘНДЕРГЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?
 
— Менің жазған әндерім қазақылық болмысынан ажырамайды. Себебі өзім сүйіп тыңдайтын әндер де ұлттық бояуы бар қазақы әндер. Ал бүгінгі кейбір әншілер орындап жүрген иірімі икемге келмейтін, есіңді тандыратын есер әндер көңіліме жатпайды. Оларды екінші рет тыңдау мүмкін емес сияқты. Ал, хит болмаса да тыңдаушысын жоғалтпайтын өміршең әндер де көп. Кейде жаңадан шыққан жақсы әнді тыңдасам «осы әннің авторы мен неге болмадым, мен де осындай ән жазсам ғой» деген арман пайда болады. Кейін сондай стильде ән жазуды өзіме мақсат етемін. Бірақ мен көбіне өлеңнің сөзіне мән бергендіктен бірінші мәтінін таңдап, соған ән шығарамын.

 
— АЛДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОСПАРЫҢЫЗ?
 
— Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің талғамына лайық ән жазу, оны орындаушының шеберлігімен жалпы халықтың жүрегіне жеткізу, кейін есеп беру, шығармашылық концерттерімді Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде ұйымдастыру басты мақсатым.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @eduvkvpk - 2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті
27.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді мәдениет үйі
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
09.02.2026
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
28.01.2026
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
27.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру