altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
ДҮЛДҮЛДЕРДІҢ ДҮБІРЛІ ДОДАСЫ (екі күндік фоторепортаж)
30.10.2021
2257
0
Теги: Айтыс
       #Qazaqstan30  
    
Дәнді өлкеде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!" атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.
 
Тобыл төсін дүбірге бөлеген дүлдүлдер додасы 29-30 қазан күндері өтті. Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған айтыс аламанына 14 ақын қатысты. Атап айтқанда, Тобыл-Торғай өңірінен Салтанат Өтелбаева, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев, Айбар Рағатов секілді жыр жүйріктері сынға түссе, елдің әр түкпірінен Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда қаласы), Жарқын Жұпархан (Петропавл қаласы), Нұрмат Мансұров (Алматы қаласы), Тілеген Әділов (Алматы қаласы), Қалижан Білдәшев (Қызылорда қаласы), Нұрлан Есенқұлов (Алматы қаласы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы) сынды аузымен құс тістеген дарынды ақындар қатысып, көмбе
 басынан бірінші көріну үшін барын салды. Өлең-сөз шеберлері көрермен тосқан келелі сөз, кестелі ой айта алды. Тәуелсіздік құндылығын жыр қылып, ұлы ұстаз Ыбырайдың тұлғасын өлеңмен әспеттеп, рухани мұрасын тереңнен толғады.
 
Ашылу рәсімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов аймақ басшысының құттықтау лебізін жеткізді. Одан соң айтыс тізгінін қолына алған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман күндіз барлық ақынмен бірге Ы.Алтынсарин кесенесіне барып зиярат етіп, орталықтағы ескерткішіне тағзым гүлін қойғанын айтты. Астықты өлкеде араға екі жыл салып өткізілып отырған айтыстың ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
 
Сонымен, айтыстың алғашқы күнінде барлық жеті жұп өнер көрсетті. Сахна төріне алғашқы болып оралдық от ауызды ақын Жансая Мусина мен Қызылорданың қырғи тілді шайыры Қалижан Білдәшев шақырылды. «Бір уыс дәніне қаншама елдің қолын жайдырған» астықты өлкені мадақтаудан бастаған ақындар құрдастық әзіл-қалжыңмен көрермен ықыласына ие болды. Қостанайлық Салтанат Өтелбаева мен Алматының арқалы ақыны Нұрлан Есенқұловтың сайысы да деңгейлі болды. Нұрланның Ыбырай туралы айта келіп, «Даланың қоңырауы соғылмаса, Шіркеудің қоңырауын қағар ма едік» деген секілді ойлары көпшіліктің көңілінде ұзақ уақыт жатталары сөзсіз. Айтыстың ең жас қатысушысы, жерлесіміз Айбар Рағат тәжрибелі ағасы Нұрмат Мансұровқа айбарын көрсете алды. «Дарын» сыйлығының лауреаты, мойындалған Сыр сүлейі Мейірбек Сұлтанхан мен арқалықтық азулы ақын Батырлан Сағынтаевтың жыр-жарысы да ерекше тартымды өтті. Қостанайда үшінші рет өтіп отырған айтыстың үшеуінде де өнер көрсеткен Мейірбек осы жолы да көрерменнің мейірін қандырарлық айтыс жасады. «Менде де бір тұлпардың тағдыры бар, Даланың кеңдігінен байқалмайтын» деп өрелі өлең құраған Батырлан да айлалы қарсыласына дес бермей, ұпай жағынан тең түсті. «Алтын домбыра» иесі Аспанбек Шұғатаев, ой түбінен сөз маржанын сүзген Рүстем Қайыртайұлы, тегеурінді талант Тоба Өтепбаев, айтыс сахнасының сәніне айналып үлгерген алматылық Тілеген Әділовтер де әділ қазылардан лайықты бағаларын алды. Кешкі сағат 16.00-де басталған дода түнге ұласты. Алғашқы күннің іріктеуінен алты ақын өтіп, финалда айтысу мүмкіндігін иеленді. Олар – Салтанат Өтелбаева, Нұрмат Мансұров, Шұғайып Сезімхан, Мейірбек Сұлтанхан, Батырлан Сағынтаев, Рүстем Қайыртайұлы.
 
Сұрыптаудан өткен сүлейлер 30 қазанда таңғы сағат 10.00-ден бастап ақтық сында бақ сынасты. Шабысы ширай түскен шын жүйріктер өрелі де өрнекті айтыс жасай алды. Әуелі Батырлан мен Рүстем сөз қағыстырды. Кейін Салтанат пен Нұрматтың жолы түйісті. Аламанды Шұғайып пен Мейірбек түйіндеп берді. Бас жүлдені сарапқа салған айтыскерлер финалға лайық қауқар көрсетті.
 
Айтыс тізгінін ұстаған Жүрсін Ерман айтқандай, ақындардың «обал-сауабын мойындарына алған» қазылар алқасы осы үш жұптың өнерлеріне сай шешім шығарды. Сонымен, 3-орынға Салтанат Өтелбаева мен Нұрмат Мансұров (500 мың теңгеден) ие болды. 2-орын Батырлан Сағынтаев пен Мейірбек Сұлтанханға (1 млн теңгеден) бұйырды. 1-орынды Рүстем Қайыртайұлы (2 млн теңге) жеңіп алды. Ал айтыстың бас жүлдесін Шұғайып Сезімхан еншіледі. Жеңімпазға жергілікті зауытта құрастырылған Chevrolet Nexia көлігін тақымға басты. Темір тұлпар кілтін Қостанай облысы әкімнің орынбасары Арман Тарғынов табыс етті.
 
Қалған ақындар да жүлдесіз қалған жоқ, оларға Тобыл өңірінің Тәтіқара жырау, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, М.Сералин, Е.Өмірзақов секілді даңқты перзенттері атындағы облыс әкімдігінің арнаулы сыйлықтары берілді (200 мың теңгеден). Сондай-ақ, елордадағы Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының атынан келген тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес тамаша өнер көрсеткен қызылордалық ақын Қалижан Білдәшевке 300 мың теңге көлемінде арнайы сыйлық табыстады.
 
Айта кетейік, ақындарға Әсия Беркенова, Серікбай Оспан, Ақылбек Шаяхмет, Алмас Алматов, Бауыржан Халиолла сынды танымал тұлғалар қазылық жасады.
 Айтысты «Қазақстан» ұлттық арнасы бастан-аяқ бейнетаспаға түсірді. Жуық арада бүлік қазақстандық ақындар аламанын теледидардан тамашалай алмақ.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
08.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін 8 ақпан күні сағат 14:00-де «Петрушка» балалар театрының «Аладдиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтті. Жетекшісі - Хабибулина Нина Дмитриевна.
05.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Науырзым ауданының көрермендеріне «Тоқал аламын» комедиялық қойылымы көрсетілді
03.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиевтің «Құлағыңнан кетпесін» концерті
03.02.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
02.02.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
8 ақпанда сағат 14:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында балалар мен ересектерге арналған «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымы өтеді. Кіру тегін!
31.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланып, I бөлімге келесі түзетулер енгізілді
31.01.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
30.01.2026
Федоров мәдениет үйі
«Ақ орамал» іс-шарасы
30.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
30.01.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Ізгілік жүректерді біріктіреді» қайырымдылық концерті
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтар күні сағат 17:00-де бірінші қабаттың фойесінде аға буынға арналған ретро-дискотека өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Өткен жылдардың танымал әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
29.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 қаңтарда сағат 11:00-де «Жас өркен» театры KPI бағдарламасы аясында Жанұя балалар үйіне барды
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
28.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @eduvkvpk - 2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті
27.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді мәдениет үйі
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы мәдениет үйі
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Үшінші қалалық JAS STAR.KST байқауы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
09.02.2026
«Аққан жұлдыз» қойылымы қойылды
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
03.02.2026
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
31.01.2026
«Ақ орамал» іс-шарасы
Автор: Федоров мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TV: «САҒЫНЫШ САЗЫ» Қ. ДЕРІПСАЛДИНДІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
30.01.2026
QOSTANAI TAŃY: «Сағыныш сазы» – сағыныштан туған ән кеші
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
28.01.2026
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
27.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру