altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЕЛОРДАДАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
29.10.2021
956
0
  #Qazaqstan30  

Дәнді өлкенің дарындарына – «Дегдар» қорынан домбыра. Тобыл қаласындағы «Алтын дән» МҮ қазақ этномәдениеті бірлестігінің жетекшісі Айнұр Сейітова Нұр-Сұлтан қаласында өткен рухани кешке қатысып, туған жерге сый-сияпатпен оралды. Осы қуанышқа орай Айнұр Тойлыбайқызына бірер сұрағымызды қойған едік.

 

— Айнұр ханым, елордаға жасаған рухани сапарыңыз туралы кеңірек баяндап берсеңіз?  


— 2021 жылдың 26 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар опера және балет театрында күйші, композитор Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Бұл аталған іс-шараға ҚР Мәдениет және Спорт министрі  Ақтоты Райымқұлова және «Дегдар» гуанитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева, ҚР «Күй анасы» қорының директоры, композитор, прфессор, Дина Нүрпейісованың шөбересі төлеген Қуанышов қатысты. Сондай-ақ, күйші, композитор Дина Нүрпейісованың образында ҚР мәдениет қайраткері Анар Мұздаханова өз өнерін көрсетті.  Осы іс-шара барысында  «Дегдар» гуанитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы әр өңірден келген қатысушыларға 160 домбыра тарту етті.   

Соның ішінде Қостанай ауданы Тобыл қаласындағы «Алтын дән» МҮ қазақ этномәдени бірлестігіне 20 домбыра және «Ақ тілек» марапаты табыс етілді. 

 

— Бәрекелді, құтты болсын! Бұл домбыраларға енді кімдер иелік етпек, қай өнер ұжымына табысталады?


— Аспаптар осы жылдың сәуір айында аудандық мәдениет үйінің базасында ашылған «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы жұмысының қажеттілігіне және аудан ұжымдарына пайдалануға беріледі. Барлық қатысушыларға ҚР Мәдениет және Спорт минисрі Ақтоты Рахметоллақызы мен «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға  Нұрсұлтанқызы өнер өлкесінде жүрген жасөсірімдер мен балаларға ақ тілектерін білдірді.  
 

— Жалпы, «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында басқа қандай игі жаңалықтар бар? Алға қандай жоспарлар құрылып отыр?


— «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында биыл көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, ең соңғы рет 29 қыркүйекте облыстық халық шығармашылығының келісімімен «Шалқыма» облыстық вокалдық-домбырашылар ансамбльдерінің байқауы өткізілді. Байқауға облыстың 8 ауданы қатысты. Алдағы жоспарда қараша айында облыстық этноансамбльдердің байқауын өткізу жоспарланып отыр. Тағы басқа да көптеген жоспардағы  мәдени іс-шаралар көрермендерімізді қуантар күн алыста емес деген үміттеміз.  


— Өзіңізді оқырмандарымызға жақынырақ таныстыра өтсеңіз...


— Аты-жөнім – Айнұр Тойлыбайқызы Сейтова. Ұлт өнерінен нәр алып, дәстүрлі мәдениетпен сусындаған қазақ қыздарының бірімін. Республикалық «Мен қазақпын» тележобасының финалисі атанғанмын. Облыстық жыршылар мен термешілер байқауларының дипломанты болғанымды да қоса кетейін. Басқа да түрлі өнер сындарында бақ сынап, талай табыстарға жеттім.  ҚР Президентінің «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалінің иегерімін.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концерті Қазақстан Республикасында жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА! «Мирас» мәдениет сарайында «Алтын жас» әуесқой шығармашылық фестивалі өтеді!
21.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Еңбек күні құтты болсын!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру