altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Мәдениет саласының үздіктері марапатталды
02.08.2026
416
0
Қостанай жері – қашан да береке мен бірліктің, дарынды тұлғалар мен бай руханияттың ордасы. Бүгін облыстың торқалы тоқсан жылдығын атап өту қарсаңында Қостанай жұрты дәстүрге айналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық фестивалінің куәсі болды.
 
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің құттықтауында бұл өнер мерекесі Тобыл-Торғай өңірінің мәдени өмірін жандандырып, халықтық дәстүрлерімізді ұлықтайтын айтулы оқиғаға айналатынын айтты.
 
Әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.
 
— «Бүгін біз жай ғана мерейтойды емес, тұтас бір тарихты атап өтудеміз. Қостанай облысының 90 жылдығы – бұл тоғыз онжылдыққа созылған даңқты тарих, ұрпақтар сабақтастығы, жанқиярлық еңбек пен толағай жетістіктердің мерекесі. Бүгінде өңіріміз мақтан тұтатын барлық жетістік – осы жерде еңбек еткен жандардың маңдай терінің жемісі. Қостанай жері әрдайым тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болып келді және сол мәртебесін сақтап келеді. Бүгінде өңіріміз қарқынды дамып келеді. Біз облыстың өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтып, инфрақұрылымды жетілдірудеміз, тұрғын үйлер, жолдар, мектептер мен ауруханалар салудамыз. Барлық жетістігіміз – өңірге деген зор сенімнің, ауқымды инвестициялардың және ең бастысы, қостанайлықтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Біздің болашаққа деген айқын мақсатымыз, берік ерік-жігеріміз және орасан зор әлеуетіміз бар. Біз балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ететін қуатты, жайлы әрі гүлденген өңірді бірге құруды жалғастырамыз!», – деді Құмар Ақсақалов.
 
Әкім мәдениет саласының үздіктерін марапаттады.
 
Қостанай облысының 90 жылдығына арналған салтанатты шарада өңір басшысы мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, салалық марапаттар және облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.
 
Салтанатты рәсім барысында бірқатар мәдениет қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді. Сондай-ақ мәдениет ұйымдарының қызметкерлері Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Марапатқа театр, филармония, музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен шығармашылық ұжымдардың өкілдері ие болды. Олардың қатарында «Костанайские зори» би ансамблі мен биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «Достар» тобының өнерпаздары да бар.
 
Мәселен, «Ерен еңбегі үшін» медалі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі Шара Мүсіловаға табысталды.
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі «Мирас» этнографиялық ансамблінің әртісі Ботагөз Дүбірбаеваға, Михайлов ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Тобыл Болатовқа және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары санатты әдіскер-тарихшысы Евдокия Сурядноваға берілді.
 
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаңылдық Әлмұхамедоваға, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Сәния Бұзаубекке, Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының бас дирижері Берік Оразалинге, Ы. Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспановқа, «Қостанай» би ансамблінің әртісі Татьяна Деменскаяға және «Достар» тобының әртісі Ермек Жақсыбаевқа табысталды.
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен «Достар» тобының әртісі Қайрат Өсіпов, Приречный ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Бекзат Ғазезов, Қостанай ауданы мәдени-демалыс орталығының хореографы Ольга Бывакина, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Алматай Нұрмағамбетова, «Қостанай таңы» би ансамблінің әртістері Михаил Борский мен Ксения Харина марапатталды.
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты Федоров ауданы «Жастар» аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Арғынбек Бейбітханға, Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлден Сәрсембаеваға, Лисаков қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Татьяна Бакунға, «Костанайские зори» би ансамблінің әртістері Юлия Борищенко, Татьяна Машенькина, Марина Степанова және Тахирджан Шерметовке берілді.
 
Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен облыстық орыс драма театрының әртісі Ольга Брынская, «Грация» би тобының жетекшісі Наталья Бекишева, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының сахна машинисі Ақылбек Жүнісов, Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қойылым бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Кәкімжан, Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Снежана Исиргепова, Рудный қалалық мәдениет және демалыс паркінің еңбек қауіпсіздігі инженері Валерий Лощинин, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бас бухгалтері Алмагүл Нұрғалиева, Қарасу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Гүлнар Нұржанова, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің заңгері Инга Тыщенко және Денисов тарихи-өлкетану музейінің басшысы Наталья Таран марапатталды.
 
Гала-концерттің қорытындысында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» XXXVIII облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
 
Аудандар арасында ІІІ орынды Әулиекөл ауданы иеленіп, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлмира Ошақбайқызы Қожеғалиеваға 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды. ІІ орын Қостанай ауданына беріліп, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлжан Бауыржанқызы Бисахалова 3 миллион теңге көлеміндегі жүлдені иеленді. Ал І орын Федоров ауданына бұйырып, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Айнұр Төлепбергенқызы Салпеноваға 5 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.
 
Қалалар арасында ІІІ орынды Лисаков қаласы жеңіп алып, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Нүрия Рақымжанқызы Исмагулова 2 миллион теңгенің сертификатын алды. ІІ орын Арқалық қаласына беріліп, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Жайнар Жақсылыққызы Әубәкіроваға 3 миллион теңге табысталды. І орын Рудный қаласына бұйырып, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлбарам Жұмағалиқызы Төлебаева 5 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды.
 
Байқау-фестивальдің бас жүлдесі – Гран-при Қостанай қаласына берілді. Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Сәуле Ерқанқызы Әзімжановаға бас жүлде ретінде автокөлік табысталды.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдың 90 жылдығы: ән мен әсерге толы мерекелік кеш
Автор: БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР мәдениет үйі
02.08.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру