altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Арқалық аспанын ән мен күй кернеді
30.04.2026
750
0
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» ХХХVІIІ облыстық көркемөнерпаздардың Халық шығармашылығы байқау-фестивалі Арқалық қаласын да дүбірге бөледі.
 
Жыл сайын ел мен елді елдестіріп, жас талаптардың жолын ашатын дәстүрлі байқау биыл Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған.
 
Ұзақ жылдардан кейін қайта қалпына келтіріліп, заманауи жөндеуден өтіп, жабдықталған Арқалық қалалық мәдениет сарайы дәстүрлі өнер шеруін шөліркеген халыққа мейірі қанғанша тамашалауға мүмкіндік берді.
 
Салтанатты шақта қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
 
«Биылғы өнер мерекесі Қостанай облысының – 90 жылдық мерейтойымен қатар еліміздің рухани кеңістігінде өзіндік орны бар аяулы шаһарымыз Арқалық қаласының — 70 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келіп отыр. Бұл біз үшін ерекше мәнге ие тарихи сәт болып табылады. Қостанай өңірінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Өнеріміз саған, Қазақстан!» ХХХVІIІ облыстық көркемөнерпаздардың Халық шығармашылығы байқау-фестивалі өңірдің мәдени тынысын айқындайтын маңызды шаралардың біріне айналған. Бүгінде бұл фестиваль өңірдің өрісін кеңейтіп, таланттарды танытатын бірегей жоба ретінде мойындалып отыр», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.
 
Жаңа ғимарат, жаңа сахна, жаңа құрал-жабдықтар өнерге қадам басқан жастардың қуанышын еселей түскені анық байқалады.
 
Жоғары сән-салтанатымен шымылдығын ашқан өнер шеруінде облыс орталығынан арнайы ат терлетіп келген қазылар алқасы, құрметті қонақтар таныстырылып, ән мен жырға, күмбірлеген күйге, мың бұралған биге кезек берілді.
 
Бір демде тамашаланған қала көркемөнерпаздарының концертінен кейін қазылар алқасына сөз беріліп, өнер майталмандары әрқайсы өз салалары бойынша баға берді.
 
Талдау түйінінде іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан қазылар алқасының төрағасы «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК басшысы Дәмер Қалкаев қорытынды есебін жариялады.
 
Нәтижесінде: Халықтық қазақ ұлт аспаптар оркестрі орындаған (жетекшісі — ҚР Мәдениет қайраткері Боранбай Әбенов) Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, Кенен Әзірбаевтың «Жаса Қазақстан» әні — орындаған Мүратбек Әбдісалықов, Халықтық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Күй шашу» күйі, Ибрагим Ескендірдің «Аманат» әні — орындаған облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты Айару Дәулет, қалалық мәдениет сарайының «Шабыт» театр студиясының (жетекшісі — Ербол Әбжалов) «Қостанай мен Арқалық – егіз ұғым» сахналандырған қойылымы, Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйіне қойылған «Асатаяқ» биі – орындаған «Арқа сазы» ұлт аспаптар ансамблі, «Ақбота» халық би ансамблі (жетекшілері — Әділ Ақан, Аружан Ембергенова), Халық күйі «Жаймақоңыр» — орындаған «Арқа сазы» ұлт аспаптар ансамблі (жетекшісі – Әділ Ақан), Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі – орындаған «Інжу-маржан» үлгілі вокалдық тобы, «Дәстүр биі» және «Ұйғыр биі» билері – орындаған «Ақбота» халық би ансамблі (жетекшісі – Аружан Ембергенова), Амантай Жұмашевтың «Аққу дастан» туындысы – орындаған біріккен хор (жетекшісі Динара Шушаева, концертмейстер Қуаныш Елеупова) ең үздік бағаға ие болды. Сондай-ақ, режиссерлық жұмыс пен концерт жүргізушілердің еңбектері де ең жоғары бағалауға қол жеткізді.
 
Өнердің дүбірлі додасының құрметіне қаланың жоғары және арнаулы оқу орындары мен кітапханалар тақырыпқа сай көрмелерін ұсынды.
 
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы

QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдың 90 жылдығы: ән мен әсерге толы мерекелік кеш
Автор: БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР мәдениет үйі
02.08.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру