altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Өнер керуені өңірлерді аралауда
23.04.2026
607
0
Қостанай облысында жыл сайын ұйымдастырылатын «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХVІІІ облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқау-фестивалі өңірдің мәдени тынысын айқындайтын маңызды оқиғалардың біріне айналған.

 
Бүгінде фестиваль облыстың аудан-қалаларын аралап, өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырып, қанатын кеңге жайды. Биылғы байқаудың тақырыбы – Қостанай облысының құрылғанына 90 жылдығы.
 
Байқау шымылдығын алғаш болып Федоров ауданы түріп, фестивальге ерекше серпін берді. Бұл өңірдің өнерпаздары бірден жоғары дайындықпен келіп, көрерменге мазмұнды да әсерлі бағдарлама ұсынды.
 
Фестивальдің басты ерекшелігі жанрлық әралуандық болса, осы жағынан өнерпаздар өздерін көрсете алды. Сахна төрінде вокалдық ансамбльдер, халық аспаптар оркестрлері, би ұжымдары мен драма театрлары өнер көрсетіп, әрқайсысы өз бағыты бойынша тың дүниелерді паш етті. Әсіресе, ұлттық мұраға негізделген қойылымдар мен фольклорлық шығармалар көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімін айқын көрсетті.
 
Федоровтық өнерпаздар биылғы фестивальге айрықша жаңашылдықпен келді. Соның бірі сазсырнай аспабын сахнаға шығару. Бұған дейін аудан сахнасында көп қолданыла бермеген бұл көне аспап алғаш рет кең көлемде орындалып, тың серпіліс әкелді. Е.Берімбайұлының «Құсни Қорлан» шығармасын «Илигай» ансамблінің сазсырнаймен орындауы (жетекшісі – Д.Мырзахметова) көрерменге ерекше әсер сыйлаған сәттердің бірі болды. Бір қызығы, Астана қаласынан арнайы маман шақыртылып, небәрі үш күн ішінде өнерпаздар аспапты меңгеріп, сахнаға алып шыққан. Бұл – аудан өнерпаздарының еңбекқорлығы мен шығармашылыққа деген шынайы құлшынысының дәлелі. Айта кету керек, Федоров ауданы бойынша бұл байқауға 140-тан астам адам қатысқан. Мұндай ауқымды дайындық бірнеше айлық тынымсыз еңбектің нәтижесі. Фестиваль кеші ерекше рухпен түйінделді. Т.Қуандықовтың әуені мен А.Маудановтың сөзіне жазылған «Өнеріміз саған, Қазақстан» гмині орындалып, «Жастар» вокалдық тобы (жетекшісі Т.Қуандықов) сахна төрінде әсерлі нүкте қойды.
 
Жалпы, биылғы бағдарламалар қай өңірде болмасын тыңғылықты әзірленгені бірден байқалады. Жаңа қойылымдар, жаңаша шешімдер, мазмұны терең нөмірлер көрермен көңілінен шығып, залды ерекше атмосфераға бөледі. Әр қатысушы өз өнеріне жанын салып, сахнаға бар ықыласымен шыққаны анық сезілді. Сонымен қатар, Федоров ауданының әкімі Тәубе Исабаев, Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев, Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев және Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев концертке бастан-аяқ қатысып, жергілікті өнерпаздарға қолдау білдірді. Бұл – өңір басшыларының мәдениет пен өнерге деген ерекше ықыласын, сондай-ақ халық шығармашылығына көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі.
 
Мәдени іс-шараның тағы бір маңызды қыры – өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайту. Аудан мен қалалар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісуде. Бұл үрдіс өңірлік мәдениеттің дамуына оң ықпал етіп, өнердің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашады.
 
Рудный қаласы өнерпаздары да бұл жолы өз деңгейін тағы бір дәлелдей білді. Өткен жылдарда бас бәйгені қанжығасына байлаған олар биыл да сол биіктен көрінуді мақсат етіп, тыңғылықты дайындықпен келген. Әрбір нөмірден ізденіс, жауапкершілік және сахна мәдениетіне деген жоғары талап айқын байқалды. Рудныйлықтар өз бағдарламаларын тек қайталаумен шектелмей, жаңа идеялармен толықтырып, көрерменге ерекше әсер сыйлай алды.
 
Ерекше айта кетерлік жайт айтыс өнерінің ақтаңгері, белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев Қамысты ауданына арнайы келіп, ел мерейін үстем етті. Ол «Алтын домбыраны» ала келіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қамыстылықтар қадірлі қонақты зор ықыласпен қарсы алып, ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетті. Айбек ақынға ақбозат мінгізіп, шапан жауып, алғысын білдірді. Бұл – халқымыздың өнер иесіне деген құрметі мен айтыс өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын көрінісі болды.
 
–«Өнеріміз саған, Қазақстан» байқау-фестивалі – тек өнер мерекесі ғана емес, ол елдің рухани тұтастығын айшықтайтын, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын маңызды мәдени оқиға. Осындай игі бастамалар арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасы жаңғырып, жас ұрпақтың бойына өнерге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиет дарытылады. Фестиваль аясында қатысушылар ән, би, көркемсөз, театрландырылған қойылымдар арқылы өз өнерлерін паш етуде. Әсіресе, жас орындаушылардың сахнадағы сенімділігі мен шығармашылық ізденістері көрермен көңілінен шығуда. Әр аудан мен қала бұл байқауға тың идеялармен, ерекше сахналық шешімдермен келген. Ұлттық нақыштағы киімдер, дәстүрлі әуендер мен заманауи бағыттың үйлесімі фестивальдің көркін қыздыра түсті. Бұл жерде аудан, қалалардың әкімдерінің жанашырлығы сезіледі. Олар өздері концертке келіп қатысып, қолдау білдіріп жатса қандай ғаибет. Мысалы, Федоров, Лисаков, Жітіқара, Қамысты өңірлерінің әкімдері өнерпаздармен бірге болып, қолдау білдірді», – дейді Дәмер Қалқаев.
 
Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін жоғары талаптарға сай бағалап, олардың орындаушылық шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, репертуар таңдауына ерекше назар аударуда.
 
Фестиваль керуені бүгінде Федоровтан басталып, Рудный, Б.Майлин, Лисаков, Жітіқара және Қамысты өңірлерінде болып, жергілікті өнерпаздардың өнеріне куә болды. Әр аймақ өзіне тән ерекшелігімен көзге түсіп, ұлттық болмысты жаңаша қырынан таныта білді. Алда әлі бірнеше аудан, қала бар. Ал фестивальдің қорытындысы Қостанай қаласымен аяқталмақ.
 
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі – шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына, кәсіби деңгейін арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, бұл жоба жастарды мәдени құндылықтарға баулып, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етуде. Фестиваль соңында үздіктер анықталып, облыс намысын қорғайтын ең мықты өнерпаздар іріктелмек. Ал ең бастысы – бұл шара өңір тұрғындарын өнер арқылы біріктіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға жол ашып отыр.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдың 90 жылдығы: ән мен әсерге толы мерекелік кеш
Автор: БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР мәдениет үйі
02.08.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру