Ұлт руханиятының сақшысына айналған, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қостанай қаласында салтанатты жиын ұйымдастырылды
Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы қатысып, мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Мереке қарсаңында бірқатар өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды:
• «Парасат» ордені – Қоныспек Бегайдаров пен Антонина Тимофееваға табысталды;
• «Құрмет» ордені – Александр Евсюковқа;
• «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Юлия Дюсебаева марапатталды.
Сонымен қатар, мәдениет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарға:
• Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы лайықты жандарға табысталды.
XXXVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалінің қорытындысы да осы жиын аясында жария етілді. Халық шығармашылығы – ұлттың жаны мен рухы, сарқылмас шабыт пен тегеурінді таланттың қайнар көзі екенін дәлелдеген бұл байқауға облыстың 17 аудан-қаласынан 170-тен астам өнерпаз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша:
• Бас жүлде – Рудный қаласы, (5 млн теңге).
Аудандар арасында:
1 орын – Федоров ауданы.(3 млн теңге).
2 орын – Қостанай ауданя. (2млн теңге).
3 орын – Жанкелдин ауданы.(1млн теңге).
Қалалар арасында:
1 орын — Қостанай қаласы, (3 млн теңге).
2 орын — Арқалық қаласы, (2 млн теңге).
3 орын — Лисаков қаласы, (1 млн теңге).
Фестивальдің шарықтау шегі ретінде өткен Гала-концерт мерекелік кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар ұлттық өнердің сан қырын паш етіп, ел бірлігі мен рухани құндылықтардың биік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Барша өнерпаздарға алғысымызды айтамыз.
Еңбектеріңіздің жемісін көріп, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, өнер жолындағы табыстарыңыз мол болғай!















