Астанада өткен «Рухани қазына — 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінде өңір намысын қорғаған қызметкерлеріміз жеңіспен оралды
Мәдениет саласындағы кәсіби шеберліктері мен шығармашылық табыстары жоғары бағаланып, Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталды.
Бұл жеңіс – ұжымның тынымсыз еңбегі мен өнерге деген адалдықтарының айқын дәлелі. Сонымен қатар, бұл табыс өңір мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қосылған зор үлес.