Жас әншілердің басын қосқан өнер додасы «Алтын микрофон-2025» халықаралық әншілер байқауының облыстық кезеңі Тобыл қаласында өтіп, өз мәресіне жетті
Облыстың әр өңірінен келген дарынды өнерпаздар бұған дейін өткен аймақтық іріктеулерде өз өнерін көрсетіп, үздік атанып, облыстық байқауға жолдама алған болатын.
Бүгінгі додада сол өнерпаздар шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, нағыз сахна тартысында өз бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар енді халықаралық деңгейде облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдуллина бастаған кәсіби мамандар әділ бағасын берді.
Байқаудың ашылуында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов жас өрендерге сәттілік тіледі.