Бүгін Тобыл қаласында «Алтын микрофон-2025» халықаралық әншілер байқауының облыстық кезеңі басталды!
Сахна төрінде – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған аудандық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетуде.
Бұл – өнер мен шабыттың мерекесі!
Жас талаптарға шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз.
Шабыттарыңыз шалқып, әндеріңіз көрермен жүрегінен орын алсын!