ДК нұсқасы
Установить приложение
@culture_qostanai Қазақ жасөспірімдер театрында Қазақ би өнерінің падишасы, Торғай өңірінің дарынды тұлғасы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» белгісінің иегері Бушаева Бархыт Төкейқызын еске алу және халықаралық би күніне арналған "Би әлемі" атты аймақтық фестиваль өтті. Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ұлағатты ұстаз, талантты хореограф Жүсіпов Ерсін Жүсіпұлына ерекше құрмет көрсетілді. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының хореография бойынша әдіскері Жаркенов Қуаныш орталықтың атынан Ерсін ағаның өнер жолындағы еңбегін бағалап, алғашқы ұстазы ретінде иығына шапан жауып, арнайы сыйлық табыс етті. Ұлттық би өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбегін дәріптеп, кейінгі жас ұрпаққа өнеге беретін тамаша іс-шара болды.
♬ оригинальный звук - CULTURE QOSTANAI