#REPOST @qostanai_tany Қостанай ауданы Заречный ауылындағы «Современник» мәдениет үйінде «Тобыл-Торғай – тұңғыштардың мекені» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы мәреге жетті
Бұл — Тобыл-Торғай топырағында дәстүрге айналған өнер додасы. Биылғы айтыс та аймақтың әр түкпірінен келген жас дарындарды тоғыстырды.
Айтыс сахнасы – жас ақындардың қанат қаққан мектебі. Бұл пікірді сахна төрінде сөз сөйлеген Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов те айрықша атап өтті.