altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Жас тұлпар»: Дәстүрді жалғастырып, жаңа дарындар қанат қақты
04.04.2025
791
0
«Жас тұлпар»: Дәстүрді жалғастырып, жаңа дарындар қанат қақты
 
Қостанай ауданы Заречный ауылындағы «Современник» мәдениет үйінде «Тобыл-Торғай – тұңғыштардың мекені» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы мәреге жетті.
 
Бұл — Тобыл-Торғай топырағында дәстүрге айналған өнер додасы. Биылғы айтыс та аймақтың әр түкпірінен келген жас дарындарды тоғыстырды.
 
Айтыс сахнасы – жас ақындардың қанат қаққан мектебі. Бұл пікірді сахна төрінде сөз сөйлеген Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов те айрықша атап өтті.
 
– Суырыпсалмалық өнер – халқымыздың рухани коды. Бүгінгі айтыста сөз сайысына түскен жас талапкерлер – ертеңгі елдің сөзін ұстайтын көшбасшылар. «Жас тұлпар» – тек сайыс емес, бұл – айтыс мектебі. Мұнда алғаш сахнаға шыққан баланың буыны бекіп, болашағы айқындалады. Сондықтан бұл жобаның жалғасуына барынша қолдау көрсетіледі, – деді Саят Жүсіпов.
 
Айтысқа Қостанай, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Жангелдин, Алтынсарин, Сарыкөл аудандары мен Қостанай, Арқалық қалаларынан 12 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен олар екі кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде алты жұп айтысып, үздік шыққан үш жұп финалға жолдама алды.
 
Қазылар алқасын ақын, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев басқарды. Жыр додасына айтыскер ақындар Ғалымгерей Кенжеғозин мен Айбар Рағатов та төрелік етті. Айта кету керек, Айбар – осы «Жас тұлпар» айтысының түлегі. Айтыс аламанында бағын сынап жүрген жас ақынның өзі де осы додада талай рет өнер көрсеткен.
 
– Менің айтыстағы алғашқы қадамым осы жобамен тығыз байланысты. «Жас тұлпар» – талай таланттың жолын ашқан орта. Бүгін сахнаға шыққан балалардың бойынан да ізденіс пен талап байқалды. Өлеңге деген құрметі бар, сөзге ие болатын ұрпақ өсіп келеді. Осындай жоба арқылы әдебиет пен мәдениет жалғастығын сақтап қалуға болады, – деді Айбар Рағатов.
 
Айбардың туған інісі Нұрислам да айтыста жарқырап шығып келе жатқан жаңа таланттардың бірі.
Айтыстың соңында жас жүйріктердің өнері бағаланып, жеңімпаздар марапатталды. Қазылар шешімімен:
 
Бас жүлде – Таңжарық Ниязбек (Жанкелдин ауданы)
 
1-орын – Нұрболат Айболұлы (Арқалық қаласы)
 
2-орын – Айару Берік (Бейімбет Майлин ауданы)
 
3-орын – Жанат Ақжол (Заречный ауылы) және Инабат Нағашыбай (Қостанай қаласы)
 
Қ. Әбілов атындағы арнайы жүлде – Индира Көбей (Меңдіқара ауданы)
 
Айтыстың ұйымдастырушылары – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы мен облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы. Сонымен қатар іс-шараға Заречный ауылдық округі мен «Современник» мәдениет үйі де атсалысты.
 
Сахнаға шыққан жас ақындардың арасында айтысқа алғаш қатысқандармен қатар тәжірибелі жүйріктер де болды. Айтыс қорытындысында жүлде алмаса да, ерекше ықыласқа бөленген оқушылар көп болды. Бұл – жобаның өз деңгейінде өткенінің айғағы.
 
Суырыпсалмалық өнер — ұлт руханиятының алтын арқауы. Ал сол арқаудың үзілмеуі – осындай жобалар мен сахналарға байланысты. «Жас тұлпар» — жай ғана айтыс емес, ол – өнер мен өрелі сөздің мектебі.

 
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру