altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#REPOST FB@БерікЖүсіпов ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН ӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
05.03.2025
673
0
Теги: Айтыс

 
Кешегі өткен жексенбіде тарихы терең, өнері кенен Тобыл топырағында ерекше дүбірлі жиын өтті — Түркістан мен Қостанай облыстары арасында Республикалық командалық айтыс мегажобасының екінші айналымына шыққан қос аймақтың айтыскерлеріне қоса термеші, әнші, күйші, жыршылары өнерлерін ортаға салып, дегдар көрерменнің алдында өнер сайысына түсіп, дәстүрге шөліркеген дүйімнің көзайымына айналды. Басқасын айтпағанда, атшаптырым залды дуға бөлеп, әлсін-әлсін дүркірете соғылған қолшапалақтың өзі көп нәрсені сөзсіз аңғартып тұрды. 
 
Байырғы айтыс өнерінің ескі қатпарын қайта жаңғырта отырып, оның модернизацияланған заманауи үлгісін жасап, сауатты менеджментін даңғылға шығарған Жүрсін Ерман ағаның еңбегі ересен ғой. Тап осы тұста айтыстың қайталанбас менеджерінің ұзақ жыл бойы үйлестіру нәтижесінде «Жүрсіннің жүйріктерін» қалыптастырған жанкештінің еңбегін дәстүршілдікпен жалғастырып, заманауи талап-тілек, өз алдына пісіп-жетіліп тұрған соны қажеттіліктерге орай жаңашылдыққа ұластырып, мега жобаға айналдырған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтайдың новаторлығын атап өту қажет. 
 
Жасыратыны жоқ, біздің жұрт, замана желі қалай ұйтқыса да төл құндылықтарының арасынан осы бекзат өнер түріне — айтысқа деген махаббатын суытқан емес. Әрине, ол ұлттық өнердің басқа түрлерінен айныды деген ұғымды білдірмесе керек. Десе де, біздің дәстүрлі әншілік, күйшілік, жыршылық, термешілік өнеріміздің ат төбеліндей ғана тыңдарманы болмаса, үлкен сахналардан жылыстағаны өз алдына, тіпті иесіз қалып бара жатқандай еді. Иә, бәлкім менің бұл сөзім біреулердің қолайына жақпас, бірақ сөздің шындығы солай. Мен осы жобаның екі-үш жиынына қатысып, осыған көз жеткізе түскенім өз алдына, өзгеше сенім пайда болып, семуге айналған үмітке сәуле түсті. 
 
Қанша жылдан бері дамып, белгілі бір даңғылға шығып, өзін өзгеше қырынан танытқан қазіргі қазақ айтыс өнері ең бастысы: сауатты тыңдарманын қалыптастырып алды. Ал дәстүрлі өнердің бүгінгі мүшкіл жағдайында бұл — мәселенің толық шешімі. Тыңдаушы болмаса, қай өнердің болсын, болашағы жайында бірдеңе деу қиын. Шынын айту керек, әнші, күйші, жыршы, термешілер бас қосқан жиындар көрермен жинауға келгенде көңіл құлазитын. Әрине, мұны аталмыш өнердің бәсінің төмендеп кеткенінен деуге де болмас. Шынын айтқанда, бұл біздің кейбір төл өнер түрлерінен қағынан жеріген құландай болып тұрған дүдамал кезең. Ол үшін тыңдаушыны күстаналаудың да жөні жоқ. Дұрысы: мұның нақты шешім жолын табу керек.
 
Жұрт айтыс десе ішкен асын жерге қояды, басқаға таппаса да айтыс қарауға алтыннан да қымбат уақыттарының бір бөлігін қиюға бар. Олай болса әнші, күйші, жыршы, термешілер қауымы ендігі жерде, бәлкім белгілі бір уақытқа дейін, кемеліне келіп алғанша, өздерін айтыс ақындарынан бөле-жара қарамаулары тиіс. Міне, болашақты осы тұтастықты сақтағанда ғана, аталмыш ұлттық өнер түрлерінің заманауи тыңдаушының жүрегіне қайта жол табары анық. Қайраткер Аманжол бауыр бір жылдың мұғдарында көшін көрікті ете бастаған ұлттық өнер шеруінің басты ерекшелігі, олжасы һәм жаңашылдығы да осында деп білдік. 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру