Қостанай қаласында Қостанай және Түркістан облыстары ақындарының командалық айтысы басталды
Бұл мәдени шарада екі өңірдің ақындары мен дәстүрлі өнерпаздары қайым, түре, сүре, қыз бен жігіт айтысы секілді айтыс түрлерінде сынға түседі. Сонымен қатар, жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер де өз өнерлерін көрсетеді.
Қостанай облысының командасын белгілі ақын Айбек Қалиев бастап шықса, түркістандық өнерпаздарды айтыскер ақын Тұрар Тлеулиев бастап келді.
Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жүрсін Ерман.
Жыр додасын — белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай тізгіндеп отыр.
Өнерпаздарға сәттілік тілейміз!





