#REPOST @qostanai_tany Бүгін Қостанайда ұлт өнері байрақ көтереді. Сәлден соң Тобыл-Торғай мен Түркістан командалары арасында айтыс басталады
Командалық айтыста ақындар ғана емес, қос өңірдің жыршы-термешілері, дәстүрлі әншілері, күйшілері сайысқа түседі.
Қостанай облысының намысын айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев, ақындар - Батырлан Сағынтаев, Айбар Рағат, Жібек Шахмарданқызы, Нұрислам Рағат, өнерпаздар - Манарбек Кәдіров, Қыдырбек Қиысхан, Абзал Алпысов және Данияр Рысбек қорғайды.
Түркістандық өнерпаздар көшін айтыс арыстаны Бекарыс Шойбеков бастап, жас ақындар - Аян Ниязбек, Қажымұхан Абзалов, Дәурен Ақсақалов, Шахмардан Бекарысұлы, әнші-күйшілер - Руслан Ахинбеков, Оразалы Жаңабай, Аязбек Рустамов, Шыңғыс Исаев қостай келген.
Топтық доданы елге есімі белгілі ақын Аманжол Әлтаев жүргізеді. Қазылар алқасының төрағасы - қазақ айтысының тұтқа-тұлғасы, көрнекті ақын Жүрсін Ерман.