«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасы – еңбекқор, дарынды азаматтарының шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама
Бұл жоба еңбек адамдарының жасырын таланттарын танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбекке құрмет көрсету мен шығармашылық әлеуетті дамытуға ерекше мән берілуде.
Жобаның №5 қатысушысы – Абузара Марғұлан.
Марғұлан – дәнекерлеуші, алайда оның жаны өнерге жақын. Бала кезінен музыкаға әуес болып, ән айтуға ерекше қызығушылық танытқан. Күнделікті жұмысының ауырлығына қарамастан, ол өнерден алыстамай, шығармашылығын дамытуды жалғастырып келеді.
Осы байқау туралы естігенде, ол өз бағын сынауға бел буды. Оның дауысы жүрекке жылы тиіп, тыңдармандарды ерекше әсерге бөлейді.