СҮЙІНШІ!!! Көкшетауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Бала ақын – жас дарын» аймақтық оқушылар айтысы өтті. Осы айтыста арқалықтық жас ақын Нұрислам Рагатов бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі — туған ағасы Айбар Рагатов.
Айтыстың мақсаты - ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бізге жеткен бай мұрасын, рухани тағлымын өнеге ету, қазақтың төл өнерін жастар арасында насихаттау.
Айтысқа Астана қаласынан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан 14-18 жас аралығындағы ақындар қатысты.
Айтыс жеңімпаздары мен қатысушылары ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.