«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасы – еңбекқор, дарынды азаматтарының шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама
Бұл жоба еңбек адамдарының жасырын таланттарын танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбекке құрмет көрсету мен шығармашылық әлеуетті дамытуға ерекше мән берілуде.
Жобаның алғашқы қатысушылары:
Елена Пак – Жиынтықтауыштарды сатып алу және жеткізу басқармасының бастығы. Өзінің таланты мен өнерге деген сүйіспеншілігін осы жоба арқылы көпшілікке паш етуді мақсат етеді.