«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасы – еңбекқор, дарынды азаматтарының шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама
Бұл жоба еңбек адамдарының жасырын таланттарын танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбекке құрмет көрсету мен шығармашылық әлеуетті дамытуға ерекше мән берілуде.
Жобаның алғашқы қатысушылары:
Нина Ищанова – Корпоративтік университетінің маманы. Жүрегі ән деп соғады. Ол үшін өнер – жай ғана хобби емес, шабыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше әлем. Байқауға қатысу арқылы өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдап, жан сарайын музыкамен өрнектеуді мақсат етеді.