Елімізде Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында қазақтың алдаспан өнері "Алтын домбыра " атты ақындар айтысы өткізіліп тұру дәстүрге айналғанын білесіздер. Биылғы жылы "Төрлет, еңбек адамы" атты тақырыбында Астана қаласында жоғарғы деңгейде өтті.
Осынау Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жан-жақты еңбек етіп, өз үлесін қосқан ардагер, Қостанай қаласының құрметті азаматы, жыршы, журналист, бір ғасырдың куәгері 100 жастағы абыз ақсақал Қасымхан Алдабергенов атамыз республикалық айтыстың ашылу салтанатында өзінің арнауын айтып, ақындарға батасын берген болатын. Жүрек жарды авторлық толғауын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Алла атамызға күш-қуат берсін, Денсаулық берсін, Жасай берсін.