Тобыл-Торғай төрінде тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» республикалық жыршы-термешілер, дәстүрлі ән фестивалі бастау алды
"Ұйықтама, оян, Алашым!" деп ұлтына ұран тастаған шайырдың шығармалары, туындылары, діни-ағартушылық бағыттағы өр рухты, терең мазмұнды өлең-жырлары, шын мәнінде, қазақ халқының сарқылмас қазынасы.
Бүгінгі жыр думанының басты мақсаты – Нұржан бабамыздың кемел мазмұнды әндерін, жырларын жаңғырту. Еліміздің әр өңірінен арнайы келіп отырған белгілі жыршылар, термешілер бабалар өнегесін, ұлылар өнерін жыр көшін бүгінгі фестивальге ала келгендей.
Осы фестиваль басталғаннан-ақ қолдап келе жатқан ҚР мәдениет қайраткері, белгілі жырау, ұлттық өнердің жанашыры, көптеген шәкірттердің ұлағатты ұстазы Алмасбек Алматов пен дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова бастаған жыршы-термешілер Алматы, Астана, Қызылорда, Павлодар, Қостанайдан келді.
