Қазақстанның мақтанышы! Тобыл ауылынан шыққан жас өнерпаз Ақбота Әлімқызы Бангкокта өткен “Kids Star International 2024” байқауында “Кішкентай Әлем аруы” атағын жеңіп алды!
Ол «Мини-Мисс Қазақстан 2024» және “Қазақстанның Үздік таланты 2024” атақтарының иегері.
“Мини-Мисс Еуразия 2024” ұлттық байқауының финалисті.
Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.
Бүгін талантты қызды туған жерінде ата-анасы, туыстары, сыныптастары, мұғалімдері, өнер көрсететін “Diamonds” би клубының ұжымы, аудан басшылығы мен мәдениет қызметкерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.
Ақботаны жетістіктерімен құттықтаймыз, оның еңбексүйгіштігі мен талантын мақтан етеміз.
💐 Әсіресе, анасы Әсел ханымға қызының тәрбиесі үшін, жеңіске деген сенімі үшін ерекше алғыс айтамыз.