Сыр елінде талантты әнші-сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 75 жыл толуына орай өткен "Сырдария" ІІ республикалық әнші-сазгерлер мен әншілердің байқауы үлкен өнер додасына айналды
Бұл байқау қазақ музыкасының дамуына үлес қосқан Бексұлтан Байкенжеевтің есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты әнші-сазгерлер мен орындаушылар өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынады.
Жерлесіміз Жарқынбек Деріпсадин байқауда жүлделі 3 орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Осы өнер додасында Тобыл-Торғай өңірінің намысын абыроймен қорғап, талантын жарқырата көрсетіп, үлкен жетістікке жеткен Жарқынбек Деріпсадиннің еңбегі бағаланып, әділқазылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Марапат құтты болсын! Шығармашылық табыстар мен жаңа биіктерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

