Бүгін Науырызым ауданында өткен XXXVII облыстық "Өнеріміз саған, Қазақстан!" байқау-фестивалі өнерді құрметтейтін көрермендер мен талантты өнерпаздардың басын қосты
Дарынды өнерпаздар ұлттық өнерді көрерменге паш етіп, қазақ мәдениетінің бай мұрасын жеткізуге тырысты.
"Науырзым әуендері" халық ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Қызғалдақ Дүйсенова халық әні "Бүлдіргенді" әуелете шырқап, тыңдаушылардың жүрегіне жол тартты. Көпшілік "Армандастар" тобының орындауындағы "Сағындым сені" әнін ерекше ықыласпен қабылдады. Сәулет Мырзатаевтің "Арман-ай" әні мен "Қарлығаш" вокалдық тобының "Сүйем сені, Қазақстан!" әндері де жүрекке жылы тиді. Сонымен қатар, Гүлнұр Жақсылықова "Қазақстан — қыран далам" әнін ерекше шабытпен орындап, көрермендердің рухын асқақтата білді.
Фестиваль барысында өнерпаздар көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Бұл фестиваль ұлттық өнеріміздің құндылығын көрсетіп, жас ұрпаққа рухани мұра қалдыруға зор үлес қосып отырған маңызды іс-шара екендігі тағы да дәлелденді.